KZ
KZ RU
30 сәуір 2024 16:16
ӘЙЕЛДЕР КУБОГЫ

1 мамыр күні QFL Әйелдер кубогы басталады

30 сәуір 2024 16:16

Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде QFL Әйелдер кубогының ойындары өтеді. Жеңімпаз атағы үшін 4 өңірден 5 футбол клубы талас жүргізеді: «БИІК-Шымкент», «Ордабасы» (екеуі де Шымкент қаласы), «Ақтөбе» (Ақтөбе қ), «Оқжетпес» (Көкшетау қ), «Томирис-Тұран» (Түркістан қ.). Бәсекенің барлық матчтары 1 - 9 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде өтеді. 

 

Турнир айналымдық жүйеде ұйымдастырылып, әр команда 4 матчтан тұратын 5 тур өткізеді. Кездесуде тең есеп қарастырылмаған. Егер ойынның негізгі уақытында есеп тең болса, жеңімпаз бірден пенальти сериясы арқылы анықталады. Сондай-ақ, ұпай 4 деңгей бойынша беріледі. Негізгі уақыттағы жеңімпаз – 3 ұпай, пенальтидегі жеңімпаз – 2 ұпай, пенальтиде есе жіберген клуб – 1 ұпай, негізгі уақытта жол берген команда – 0 ұпай.

 

«Мен қызықты және тартысты ойындарды күтудемін. Барлық командалар турнирге жақсы дайындықпен келді. Бұл әйелдер футболын дамытудағы жаңа кезең мен ойыншылардың жеке мансабы жоғарлауындағы үлкен қадам. Осындай турнирлердің көбеюі әйелдер футболына деген қызығушылықты тудырады» - деді, «Томирис-Тұран» ФК капитаны Назерке Шалмұханбетова.

 

Жарыстың алғашқы ойынында 1 мамыр күні сағат 12:00-де «Оқжетпес» пен «БИІК-Шымкент» кездеседі. Дәл сол күні сағат 16:00-де «Томирис-Тұран» ФК мен дебютант «Ордабасы» ФК шеберлік байқасады. Айта кетейік, турнирдің барлық матчтарын Q Football, Q Arena, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайты тікелей эфирде ұсынады. 

 

QFL Әйелдер кубогының күнтізбесі:

 

1 тур – 1 мамыр

12:00 «Оқжетпес» – «БИІК-Шымкент»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

16:00 «Томирис-Тұран» - «Ордабасы»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

 

2 тур – 3 мамыр

12:00 «Оқжетпес» – «Томирис-Тұран»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football, Q League телеарналары

16:00 «БИІК-Шымкент» – «Ақтөбе»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

 

3 тур – 5 мамыр

12:00 «Томирис-Тұран» – «БИІК-Шымкент»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football, Q League телеарналары

16:00 «Ақтөбе» – «Ордабасы»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football, Q League телеарналары

 

4 тур – 7 мамыр

12:00 «Оқжетпес» - «Ордабасы»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

16:00 «Томирис-Тұран» - «Ақтөбе»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

 

5 тур – 9 мамыр

12:00 «Ордабасы» - «БИІК-Шымкент»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

16:00 «Ақтөбе» - «Оқжетпес»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы