KZ
KZ RU
01 мамыр 2024 19:17
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

5-ші тур: күтпеген көшбасшылар өзара жолығады

01 мамыр 2024 19:17

2-3 мамыр күндері 1XBET Бірінші лигасы аясындағы 5 турда Екінші лигадан көтерілген «Жетісай» өз алаңында қарымта шабуылда дес бермейтін «Түркістанмен» күш сынасады.

 

2 мамыр


SD Family – «Қыран»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Кучма Антон (Көкшетау), Қадыров Жалғас, Проскуряков Илья (екеуі де Өскемен)

Қосалқы төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

SD Family өз тарихындағы ірі жеңілістерінің бірін 2021 жылы Қазақстан кубогы аясында «Қыранға» қарсы ойында 0:9 есебімен ұтылып, тіркеген еді. 2023 жылы да клубтар OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінде жолығып, шымкенттіктер 1:0 есебімен жеңген. 1XBET QFL Бірінші лигада алғаш рет кездескелі отыр. Өткен жылы 5-орында аяқтаған «Қыран» әлі де төменгі сатыда келеді. SD Family ұжымы да өткен турда Көкшетаудағы кездесуде ірі есеппен жол берген.

 

«Тараз» - «Ақжайық»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Орталық стадион (Тараз)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Ахвердиев Акбар (Саран), Бектұров Әлібек (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

Ала-құла өнер көрсетіп келе жатқан «Тараз» кезекті рет өз алаңында доп тебеді. Клубтардың статистикасына үңілсек, кейінгі 4 ойында жамбылдықтар жеңістің дәмін татпаған. Тек 2022 жылы Премьер-лигада ғана 2:0 есебімен ұтқан. «Ақжайық» қарсыласынан қарағанда 2 матч кем өткізген. Сондықтан алаң иелерінің физикалық тұрғыдан басымдығы бар.

 

«Жетісай» - «Түркістан»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат (Шымкент), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.), Сайдуллаев Мансур (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Мурзабеков Мирамбек (Қызылорда)

Өткен маусымда көш соңында қалып, әрең дегенде аман қалған «Түркістан» 4 тур бойы жеңілістің дәмін татпай келеді. Бірақ түркістандықтардың ерекшелігі – мықтыларды жеңіп, әлсіз командалармен тең есепке әрең қол жеткізеді. Осы тұрғыда «Жетісайды» фаворит немесе аутсайдер деп айта алмайсың. Көрермендер үшін бұл кездесу қызық болмақ.

 

«Қайсар Жас» - «Оқжетпес»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион:  Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Мортин Никита, Бисекенов Әлім (екеуі де Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

«Қайсар Жас» сырт алаңда қанша мүмкіндік болғанымен, Түркістаннан 1 ғана ұпаймен қайтқан болатын. Алдағы қарсылас көп шабуылға ерік бере қоймас. Дегенмен «Оқжетпес» сырт алаңда тұрақтылығымен ерекшелене қоймайды.

 

3 мамыр

 

«Ұлытау» - «Екібастұз»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Жумашев Нуржан (Кызылорда), Меирбаев Асылан (Оскемен), Шепелев Владимир (Сарань)

Қосалқы төреші: Быстров Дмитрий (Сарань)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

3 матч бойы жеңілістен көз ашпаған «Ұлытау» кезекті рет әлі өз қақпасына доп жібермеген, көшбасшы «Екібастұзмен» жолығады. Шабуылды ұйымдастыру көрсеткіші бойынша командалар шамалас. Әйткенмен «Ұлытау» әлі де толық мүмкіндіктерін қолдана алмай келеді.

 

«Арыс» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Орталық стадион (Арыс)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Ысқақов Темірбек, Равдель Вячеслав (екеуі де Орал)

Қосалқы төреші: Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.)

Инспектор: Тамарбердиев Джурумбет (Алматы обл.)

«Арыс» 4 ұпай жинағанымен, ең аз 4 соққы ғана бағыттаған клубтың бірі. Өскемендегі матчта Бейбарс Әбділхайдың жеке шеберлігі арқасында гол соққаны болмаса, әзірше тұшымды шабуылдар ұйымдастыра алмай келеді. «Ақтөбе Ж» қарсылас қақпасын 47 рет нысанаға алғанымен, 2 рет қана гол соға алған.

 

«Алтай» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты

Стадион: «Восток» (Өскемен)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Ходотчук Андрей (Павлодар), Ескенов Нұрсұлтан (Астана) 

Қосалқы төреші: Молтусинов Антон (Өскемен)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Өз алаңында күйрей жеңілген «Хан-Тәңірі» Өскеменде қалай да естерін жинауға ұмтылады. Бұл жағынан «Алтайда» да қысым жоғары. Алғашқы голдарын соққанымен, алаң иелеріне жеңіс ауадай қажет. Бұл матчта тағы да футболшының жеке шеберлігі шешуі мүмкін. Бұл жағынан «Хан-Тәңірінің» ықтималдығы жоғары.

 

«Қайрат-Жастар» - «Каспий»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты

Cтадион: Тимур Сегізбаев атындағы академия (Алматы)

Төрешілер: Талапкеров Нариман, Шыңғысов Ерболат, Авакянц Данила (барлығы Орал) 

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Өткен турда өте жақсы әсер қалдырған «Қайрат-Жастар» өз алаңында қарсыластарын жайпап келе жатқан «Каспийді» қабылдайды. Қос ұжымның шабуыл шебі мықты. Тек қорғаныстағы қателіктер ойын тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Осы орайда өткен ойында өрескел қате жіберген «Каспий» қақпашысына тағы бір мүмкіндік беріле ме екен? Әлде аңыз қақпашы Александр Мокинді шығара ма?