KZ
KZ RU
04 мамыр 2024 18:29

Қазақстандық футболшылар жасыл алаңдарды қорғауға шақырады

04 мамыр 2024 18:29
Қазақстан футбол федерациясы қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аудара отырып, тұрақты даму жолында көш бастап келеді. Ауыз су мен электр қуатын үнемдеу, пластикалық қалдықпен күресу федерацияның басты саясатының біріне айналды.

ҚФФ жаңа бастамасында Рамазан Оразов, Юлия Мясникова және Шыңғыс Есенаманов секілді отандық футбол жұлдыздары адам қызметінің табиғатқа әсері мен оны сақтау жолдары туралы баяндайтын видеороликтердің кейіпкері атанды.

Жобаның ерекшелігі – оның экологиялық тазалығында: түсірілім барысында жүріп-тұруға, ұшуға қаражат жұмсалмады. Бұл қоршаған ортаға көмірқышқыл газы бөлінбеуінің алдын алды. Оның орнына, бейнеролик кейіпкерлерінің табиғатты қорғау бастамасын қолдайтынын көрсететін образын байқауға болады. 

Табиғатты қорғау – бұл ұран ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз. ҚФФ және QFL барша футбол отбасын біздің қозғалысқа қосылуға шақырады.