KZ
KZ RU
03 мамыр 2024 12:35
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

7-ші тур: көш басындағылар мен көш соңындағы клубтардың теке-тіресі

03 мамыр 2024 12:35

4-5 мамыр күндері OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 7-шы турында «Ақтөбе» осы маусымдағы алғашқы ойынын Қобыланды батыр стадионында өткізсе, «Шахтер» мен «Қайсар» соңғы орыннан көтерілудің амалдарын қарастырады.


4 мамыр


«Жеңіс» – «Елімай»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Омаров Рустам, Шабанов Алексей, Павлов Александр (барлығы Алматы)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

Бір қарағанда «Елімай» клубы фаворит ретінде көрінеді. Себебі, сырт алаңда «Астананы» ұтты, өткен турда ел чемпионы «Ордабасымен» тең тарқасты. Құрамы жағынан да көшбасшылардан қалыспайды. Алайда «Жеңіс» өз алаңында өткізген 2 ойында да жеңісті тойлатқан болатын. Өзге жерде есе жібергенімен, бұл ұжым көп тәуекелге бара алады. Командалардың арасын 1 ғана ұпай бөліп тұр. 2023 жылы клубтар 3 рет жолығып, Бірінші лигада «Елімай» 2 рет мерейі үстем болса, Қазақстан кубогында «Жеңіс» 1:0 есебімен басым түскен. Алайда ұпай көрсеткіші бойынша бәрібір де семейліктер келесі айналымға жолдама алды. Көп уақыт өтпегенімен, OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жөні бөлек. Барлығы жаңадан басталады.


«Қызылжар» – «Тұран»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Кучин Артем (Қарағанды), Якбаров Ринат, Серібколов Данияр (екеуі де Семей)

VAR төрешісі: Ноженко Сергей (Талдықорған)

AVAR төрешісі: Мағау Наргис (Алматы)

Қосалқы төреші: Пучков Станислав (Петропавл)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

Алаң иелері сөзсіз фаворит. Оның үстіне қонақтардан қызыл қағаз алған Феди Бен Чуг көмектесе алмайды. Өткен турда қос команда да қарсылас қақпасына шабуыл жасай алмай, сүреңсіз ойын көрсеткен. Клубтар бұған дейін 2022 жылы дәл осы стадионда кездесіп, «Қызылжар» 3 ұпай еншілеген еді. Сол кездегі құрамнан «Тұран» сапындағы Шоқан Абзалов қазір «Қызылжардың» намысын қорғайды.


«Қайрат» – «Атырау»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Жақсылық Төребек, Айжігітов Ғалымжан (екеуі де Қызылорда)

VAR төрешісі: Кучма Антон (Көкшетау)

AVAR төрешісі: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Түсеев Бағдат (Астана)

Бұл клубтар соңғы кездері жиі кездесіп жүр. 2023 жылдың өзінде 4 рет жолығып, 3 мәрте тең тарқасты. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Атырау» өз мықтылығын көрсетіп, келесі кезеңге өтті. Биыл тағы кемі 3 мәрте жасыл алаңда өзара мықтыны анықтайды. Алдағы сенбі OLIMPBET QFL Премьер-лигада және 8 мамыр күні OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында доп тебіседі. Басты өзгеріс — «Қайраттың» бас бапкері өткен турдан кейін қызметін босатқан болатын. Бұл жайт жасыл алаңға қаншалықты әсер етеді?


«Тобыл» – «Жетісу»

Уақыты: 16:30

Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Өтетін жері: «Тобыл Арена» (Қостанай)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Долгих Алексей, Кольев Евгений (екеуі де Павлодар)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Гриценко Иван (Қостанай)

Инспектор: Доскеев Нұржан (Алматы)

«Жетісудің» әрбір матчы жанкүйерлерді таңғалдырудан жалықпайды. Кіммен кездессе де, амалын табады. Тіпті «Астананың» өзін сан соқтыра жаздады. Кезекті ойын өте қиын болады. «Тобыл» өткен турдағы сәтсіздікті қалай да қайталамауға тырысады. Дегенмен, «Жетісу» де өткір шабуылдарымен ерекше. 2023 жылы Қостанайдағы кездесуде «Жетісу» 1:2 есебімен жеңген. Дегенмен сол сәттегі «Жетісуден» тек Асхат Балтабеков қана ойнап жүр.


«Ақтөбе» – «Астана»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Бельский Евгений, Филоненко Дмитрий (екеуі де Тараз)

VAR төрешісі: Затула Александр (Өскемен)

AVAR төрешісі: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Борисов Александр (Семей)  

Командалар турнир кестесінде 1-2 орындарды бөлісіп тұр. Әрине, бұл осы турдың орталық ойыны. Алайда командалардың өзара жасыл алаңдағы  соңғы 3 матчына зер салсақ, «Ақтөбе» 10 гол соғып, 2 гол жіберген. Әлібек Қасым 2 рет пенальти соқса, Максим Самородов өзінің үздік ойындарын дәл осы «Астанаға» қарсы өткізген. Оның үстіне «Ақтөбе» биылғы маусымда  өз алаңындағы матчын алғаш рет Қобыланды батыр стадионында қабылдайды. Алаң иелері кім келсе де, өз жерінде ешкімнен сескенбейді.  «Астана» бұған дейін 2021 жылы Ақтөбеден 3 ұпай алып кеткен.


5 мамыр


«Шахтер» – «Қайсар»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтёр» орталық стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Тұрсымбаев Тимур, Навроцкий Иван (екеуі де Астана)

VAR төрешісі: Сариев Болат (Орал)

AVAR төрешісі: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

Осы турға көш соңындағы 2 клуб нүктесін қояды. Командалар OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы фавориттерді тізе бүктіріп үлгерді. Екеуі де артқа шегіне қоймас. Сондықтан жанкүйерлер үшін бұл кездесу тартысты өтпек. 2023 жылы Қарағандыдағы ойын 2:2 есебімен аяқталған. Бұл да матчқа деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз.


OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 7-ші тур ойындарын жіберіп алманыздар!