EN
KZ RU
19 August 2024 12:40
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

«Қайрат» клубының өкілдері шілде айында үздік деп танылды

19 August 2024 12:40
Qazaqstan Football League 2024 жылдың шілде айы бойынша OLIMPBET QFL Премьер-лигасындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің тағдырын шешті. 

Шілде айының үздік ойыншысы ретінде «Қайрат» клубының сұрмергені Жоао Пауло танылды. Ол өткен айда алматылық команда сапында екі матчқа қатысып, екі мәрте көзге түсті. Ал шілде айындағы үздік бапкер атағаы 41 жастағы Александр Кержаковқа бұйырды. Оның баптауымен  шілде айындағы екі кездесуде де жеңілмей, OLIMPBET QFL Премьер-лигасының турнир кестесінде ТОП-3-те қалды. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!