EN
KZ RU
27 July 2024 10:54
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

15-ші тур: «Жетісу» шымкенттіктерден есені қайтара ма?

27 July 2024 10:54

27-28 шілде күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 15-тур аясында 4 ойын өтеді.


27 шілде

 

«Шахтер» - «Қайрат»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын, Тұрсымбаев Тимур, Жүнісов Нұржан (бәріАстана)

VAR төрешісі: Суликанов Саят (Ақтөбе)

AVAR төрешісі: Сысоев Антон (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Антонов Виктор (Павлодар)

«Қайрат» клубының бас бапкері Александр Кержаковтың дебюті Алматы қаласында «Шахтерға» қарсы ойынға тұспа-тұс келген еді. Сол матчта жанкүйерлер 6 голдың куәсі болып, керемет эмоция алған болатын. Бір айдан астам уақыттан кейін командалардың жолы қайта түйіседі. Трансфер кезеңінде бірқатар өзгерістер жасаған қарағандылықтар өз алаңында «Қайратқа» қарсылық көрсететіні сөзсіз. Бірақ шамалары жете қояр ма екен? «Шахтерға» жан сақтау керек, «Қайратқа» чемпиондыққа ұмтылу қажет.


«Елімай» - «Жеңіс»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Омаров Рустам, Шабанов Алексей, Арынханов Нұрдәулет (бәрі Алматы)

VAR төрешісі: Тевяшов Денис (Орал)

AVAR төрешісі: Быстров Дмитрий (Сарань)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Бублинский Николай (Қарағанды)

Жанкүйерлер үлкен үміт күтетін «Елімай» клубы соңғы рет 12 мамыр күні «Шахтердан» басым түскен болатын. Содан бері 2,5 ай өтті. 1ХВЕТ QFL Лига кубогында жартылай финалға өткенімен, ел чемпионатында көшбасшыдан 6 ұпай қалып тұр. Бұлай жалғаса берсе, тіпті еуркубок аймағына да кірмей қалуы мүмкін. Қағаз жүзінде семейліктер фаворит болғанымен, «Жеңістің» де 1 ғана соққымен қарсыласты қапы қалдыратын сәттері аз емес.


28 шілде

 

«Жетісу» - «Ордабасы»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Сәрсенбаев Нұрлан, Жолдас Бахытжан (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Нурмустафина Эльвира (Алматы)

AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосалқы төреші: Измайлов Денис (Талдықорған)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Еурокубокта сәтсіз өнер көрсетіп жатқан «Ордабасы» үшін ішкі біріншілікті естен шығармаған абзал. Себебі, шымкенттіктер бірінші орында келеді. Бұл ойындағы жеңіс көшбасшылық орынын сақтаудан бөлек, «Дифферандж 03» клубына қарсы қарымта кездесудің алдында психологиялық басымдылық береді. Ал «Жетісу» футболшылары 8 матч бойы «Ордабасыға» есе жіберіп келеді. Бұл сәтсіздікті Қайрат Нұрдәулетов қалай да тоқтатуға және қарсыластың қарбалас графигін пайдаланып қалуға тырысады.


«Ақтөбе» - «Қызылжар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Московченко Григорий, Карлов Евгений, Долгих Алексей (бәрі Павлодар)

VAR төрешісі: Чеховский Георгий (Астана)

AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

Қазақстан чемпионатының былтырғы қола жүлдегері – «Ақтөбе» клубы еурокубок маусымын алғашқы кезеңнен-ақ аяқтауға мәжбүр болды. Сонымен қатар бастауын алған 1XBET QFL Лига кубогында да жартылай финалға шыға алмады. Енді тек бар назарды тек ішкі біріншілікке назар аудару керек. Әзірше турнир кестесіндегі орыны да жаман емес. Өткен аптадағы сәтсіздіктер үшін «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің сенімін ақтауға тырысады. Қос команданың алғашқы ойынында ақтөбеліктер сенімді жеңіске жеткен болатын. Осы жолы да сол дәстүрді жалғауға тырысады. Ал Әли Әлиев баптайтын «Қызылжар» түзде сонау 2-ші турда ғана жеңіске жеткен.


Айта кетейік, қазақстандық клубтардың УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңіне қатысуына орай, «Тұран» - «Тобыл» мен «Қайсар» - «Астана» ойындары кейінге шегерілді.