EN
KZ RU
16 August 2024 21:23
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

17-ші тур аңдатпасы: «Ордабасы» бас бапкерінің соңғы ойыны

16 August 2024 21:23

17-18 тамыз күндері аралығында өткен OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 17-ші тур ойындары өтеді.

 

17 тамыз

 

«Қызылжар» - «Қайрат»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Жастар» стадионы (Петропавл)

Төреші: Сариев Болат (Орал), Белоградов Дмитрий (Павлодар), Сысоев Антон (Көкшетау)

VAR төреші: Исмуратов Арман (Астана)

АVAR төреші: Быстров Дмитрий (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Пучков Станислав (Петропавл)

Инспектор: Кенетаев Сергей (Астана)

Петропавл стадионы «Қайрат» үшін өте ыңғайсыз саналады. Биылғы маусымда олар 1XBET QFL Лига кубогында жолығып, 1:1 есебімен тең түсті. Оның үстіне Әли Әлиев үнемі «Қайратқа» қарсы ерекше құлшыныспен ойнайды. Маусымның басындағы алғашқы турда да тек Георги Зарияның алыстан тепкен добының арқасында ғана жеңісті жұлып алған болатын. Матчта алматылықтар фаворит болғанымен, жеңіске жету оңай болмайды. Осы аптада ғана «Қызылжар» Қостанайдан 3 ұпаймен олжалы оралды. Жалпы 2 тур бойы жеңіске жетіп келеді.

 

«Елімай» - «Тұран»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төреші: Тасыбаев Айдын, Жүнісов Нұржан (екеуі де Астана), Павлов Александр (Алматы)

VAR төреші: Московченко Григорий (Павлодар)

АVAR төреші: Лабашов Денис (Атырау)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Сламбеков Қайрат (Алматы)

Семейліктер турнир кестесінде 4-орында келе жатса да, салған голынан қарағанда, жіберген голы көп. «Тұран» керісінше 11-орында тұрғанымен, семейліктерден әлдеқайда аз гол өткізді. Қос ұжым бұған дейін жаңа турнирде жолығып, «Елімай» сенімді жеңіске жеткен. Сондықтан алаң иелері сөзсіз фаворит. Бірақ қонақтарды да алдын ала есептен шығарып тастауға болмайды. Өйткені «Тұран» өткен турда Алматыда «Астанаға» айтарлықтай қарсылық көрсетіп, тек соңғы минуттарда ғана есе жіберген болатын. Түркістандықтардың басты мотивациясы – барынша ұшу аймағынан алыстау.

 

18 тамыз

 

«Жетісу» - «Тобыл»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төреші: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Жусупов Амангельды (Тараз), Мағау Наргис (Алматы)

VAR төреші: Ткачев Кирилл (Алматы)

АVAR төреші: Калачев Сергей (Атырау)

Қосалқы төреші: Измайлов Денис (Талдықорған)

Инспектор: Юмашев Эдыген (Астана)

Маусымның басын сәтті бастаған ұжымдардың қазіргі жағдайы мәз емес. Оның үстіне трансфер кезеңінде өздерін жақсы қырынан көрсете білген «Жетісудің» Виктор Брага, Максим Чиканчи сынды футболшылары өзге командаға ауысып кетті. «Тобыл» керісінше еурокубокқа байланысты құрамын бірнеше мықты ойыншылармен толықтырды. Бірақ әлі де жолдары болмай жүр. Соңғы рет қостанайлықтар тек 30 маусымда сырт алаңда «Ақтөбеден» басым түссе, «Жетісу» мамыр айының басында «Тұранды» қапы қалдырған болатын. Алдағы матчтағы жеңіс клубтың бірін қайта сәтті жолға шығаруы мүмкін.

 

«Шахтер» - «Ордабасы»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төреші: Қарабаев Саят (Астана), Ахметов Азамат (Қызылорда), Лесив Станислав (Семей)

VAR төреші: Горда Данил (Көкшетау)

АVAR төреші: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Қосалқы төреші: Конивец Артем (Қарағанды)

Инспектор: Цареградский Сергей (Алматы)

«Шахтер» клубы үшін әр ойын финал іспеттес. Трансфер кезеңі артта қалды, екінші айналым басталды. Бірақ қарағандылықтар әлі де соңғы орыннан еш көтеріле алар емес. Қос клубтың өзара статистикасына көз жүгіртсек те, алаң иелерінің пайдасына шешілмей тұр. Көктемде алғашқы турда-ақ 0:5 есебімең жеңіліп, айқын аутсайдер екенін білдірткен еді. Енді соның керісінше екеніндігін дәлелдеуі тиіс. «Ордабасы» 3,5 мыңнан астам шақырым ұшып, еурокубок аясында армениялық «Пюниктен» жеңілді. Физикалық жағынан шаршаған футболшылардың 3 ұпайға алуға шамасы жете ме? Өйткені бұған дейін «Жетісу» де өз алаңында ел чемпиондарымен тең тарқасқан болатын. Айта кетейік, бұл матчтан кейін «Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седнев командамен қоштасады.

 

«Ақтөбе» - «Қайсар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төреші: Тевяшов Денис (Орал), Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (екеуі де Алматы)

VAR төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)

АVAR төреші: Бельский Евгений (Тараз)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

Осы турдағы орталық матч. Қос клубтың кейінгі 5 теке-тіресінде «Ақтөбе» жеңіске жеткенімен, 3 ұпай алу оңайға соқпас. Себебі, қызылордалықтар қандай қарсылас болса да, соңына дейін айқасады. Өткен турда олар гол жібермейді деген «Атырауға» соңғы 10 минутта 2 гол соғып, тең тарқасқан еді. Оған дейін «Елімайды» 1 ойыншысы кем болса да, жеңіп кетті. Қазіргі сәтте «Ақтөбе» сапынан шешуші футболшылардың бірі – Максим Самородов та кетті. Онсыз команда қаншалықты деңгейде кездесу тағдырын шеше алар екен?

 

Айта кетейік, «Астана» - «Атырау» ойыны елордалық команданың УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты кейінге шегерілді.