EN
KZ RU
07 August 2024 11:17
UBET LEAGUE

19-шы тур: «Оқжетпес» ыңғайсыз қарсыласына қонаққа барады

07 August 2024 11:17

8-9 тамыз күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 19-ші тур аясында көш басындағы «Оқжетпес» Алматы қаласына бет бұрады.

 

8 тамыз

 

«Түркістан» - «Каспий»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан, Жақсылық Төребек, Ахметов Азамат (барлығы - Қызылорда)

Қосымша төреші: Мұсалы Сейтмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент)

1XBET QFL Бірінші лигасындағы қос ұжымның да жағдайы мәз емес, «Каспий» 27 ұпаймен небары 8-орында тұр. Ал «Түркістан» клубы 12-орында тұрғанымен, көш соңындағы «Арыс» ұжымынан 2 ұпай ғана алда. Трансфер кезеңінде бірнеше футболшыны қатарға қосқан түркістандықтар жаңа күшпен қаншалықты қарсылық көрсете алады екен? «Каспийдің» жаңа бапкері де әлі жеңіске жетпеді. Клуб басшылығы тек жоғары міндеттерді қоятынын ескерсек, қонақтарды тек 3 ұпай ғана қанағаттандырады. «Каспий» бұған дейін соңғы рет дәл осы «Түркістанды» өз алаңында 2:0 есебімен жеңген.

 

«Жетісай» - «Ақжайық»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Халилов Мұрадбек (Шымкент), Нұрлан Әділет, Ахмедов Ахмед (екеуі де Қаратау)

Қосымша төреші: Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент)

Инспектор: Оспанов Серғали (Шымкент)

Екінші айналымды сүреңсіз бастаған «Жетісай» өз алаңында міндетті түрде 3 ұпай алуы тиіс. Бұл команда өз алаңында өте сәтте ойнайтын ұжым. Жанкүйерлердің қызу қолдауы «Ақжайыққа» қарсы матчта көмектесуі тиіс. Егер алаң иелері ұпай жоғалтса, 3-орыннан да сырғып, жоғарғы дивизионға шығу үміті азаймақ. Ал «Ақжайық» өткен турда Көкшетауда жергілікті «Оқжетпестен» таза жеңілген болатын. Оралдықтар басым түссе, турнир кестесіндегі соңғы орыннан көтеріледі.

 

«Ұлытау» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Бильдинов Михаил, Русяев Алексей, Сайдуллаев Мансұр (все Қарағанды)

Қосымша төреші: Быстров Дмитрий (Қарағанды)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Өткен турда Алматыда өте маңызды 3 ұпай алған «Ұлытау» командасы жеңісті жолын жалғауы мүмкін. Себебі, олар аутсайдер «Ақтөбе Ж» ұжымын қабылдайды. Бірінші айналымдағы кездесуде жезқазғандықтар 3:0 есебімен айқын ұтқан. Осы жолы да олар ойынға жауапкершілікпен қараса, қиналмауы тиіс. Себебі, «Ақтөбе Ж» трансферлік кезеңде айтарлықтай өзгеріс жасамады.

 

«Тараз» - «Арыс»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Дышкант Николай, Субботин Максим (екеуі де Талдықорған), Алмасқызы Мадина (Шымкент)

Қосымша төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал)

«Тараз» клубы 30 ұпаймен 6-орында тұрса да, 2-орындағы «Қайрат-Жастардан» 4 ұпай ғана қалып тұр. Қос жеңістің арқасында жамбылдықтар қайта тартысты бәсекеге қосылды. Трансфер кезеңінде Диас Орынбасар, Бауыржан Рахмет сынды белді футболшылары командадан кетсе де, әлі қарсылық көрсетуге қауқарлы. Енді аутсайдер «Арысты» қабылдайды. Қонақтар өткен турда 9 матчқа жалғасқан сәтсіздік сериясын тоқтатты. Алайда Тараз жерінде ұпай алу өте қиын болмақ.

 

9 тамыз

 

«Екібастұз» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Кумашев Тимур, Хамзин Дархан (екеуі де Астана), Шепелев Владимир (Саран)

Қосымша төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

«Екібастұз» клубы бұл ойынға 4 жеңіспен келсе, «Қайрат-Жастар» 3 матч қатарынан жарқын жеңіске қол жеткізді. Алайда алдағы аптада қос ұжымның сәтті сериясы тоқтауы мүмкін. Екінші айналымды өте сәтті өткізіп келе жатқан «Екібастұз» алматылықтардан 5 қана ұпай қалып тұр. Құрамды күшейткен алаң иелері осы ойында жеңіске жетсе, қызу тартысқа қайта араласа алады. «Қайрат-Жастар» турнир кестесінде жоғары тұрғанымен, сырт алаңда айтарлықтай мықты емес. Сондықтан «Екібастұз» бұл кездесуде фаворит.

 

«Хан-Тәңірі» - «Оқжетпес»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Шыңғысов Ерболат (Орал)

Қосымша төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

Осы маусымда «Оқжетпестің» жеңбеген санаулы ғана қарсыласы бар. Соның бірі – «Хан-Тәңірі». Командалар осы маусымда 2 мәрте жолығып үлгерді. Алғаш рет командалар наурыз айында OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында кездесіп, 2:2 есебімен тарқасты. Ал сәуір айында чемпионат аясында өткен Көкшетаудағы матчта есеп ашылмады. Бұл кездесуде «Оқжетпес» өзінің негізгі стадионына оралып, 4 000 жанкүйерді жинаған болатын. Енді Алматыдағы теке-тіресте де көрермендер аз болмайтындығы түсінікті. «Оқжетпестің» жеңісі одан сайын 1-орынды нығайтуға көмектессе, «Хан-Тәңіріне» әр ұпай өте маңызды.

 

«Қайсар Жас» - SD Family

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Авакянц Данила (Орал), Бисекенов Әлім (Ақтөбе)

Қосымша төреші: Әбдікеров Марал (Қызылорда)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

Астаналықтар «Қайсар Жас» командасынан 9 ұпайға созып тұр. Бірақ Қызылордадағы матчта алаң иелерінің жеңіске жетуге мүмкіншілігі жоғарырақ. Өйткені SD Family 3 тур бұрын түзде «Жетісайдан» айласын асырғанымен, басымдықта ойнады деп айта алмаймыз. Бұл ұжым көп жағдайда сырт алаңда ұпай жоғалтады. Ал қызылордалықтар өз алаңын қорғанға айналдырып алған. Қызылорда қаласындағы кейінгі 5 матчта 4 қана гол өткізген «Қайсар Жастың» қорғанысы ең көп гол соғатын астаналықтардың шабуылына шыдас бере ме екен?