05 December 2024 14:20
UBET LEAGUE
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында кімдер шабуыл мен қорғаныс шебінде өздерін көрсете алды?
05 December 2024 14:20
Qazaqstan Football League 2024 жылдың қорытындысы бойынша, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының үздік ойыншыларын назарларыңызға ұсынуды жалғастырады. Айта кетейік, 4 сәуір мен 25 қазан күндері аралығында жалғасқан турнирде «Оқжетпес» клубы чемпион атанған еді.
Бұған дейін көкшетаулық клубтың өкілдері беделді номинациялар бойынша бірінші болғаны белгілі болды. Маусымның үздік бапкері «Оқжетпес» тәлімгері Андрей Ферапонтов танылса, клубтың жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат үздік ойыншы атанды. Сонымен қатар, «Оқжетпестің» 32 жастағы ойыншысы Дмитрий Мирошниченко 2024 жылдың үздік қорғаушысы номинациясын жеңіп алды. Ол 26 матч өткізіп, 4 гол, 2 нәтижелі пас, 193 мәрте қарсыластан допты тартып алу, 563 рет допты кері қайтару, 235 рет допқа сәтті таласу, 34 мәрте допқа сәтті талас жүргізу секілді көрсеткіштерді тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, «Оқжетпес» турнирдегі мықты қорғанысымен ерекшеленіп, қақпаларына небәрі 16 доп жіберді.
1ХВЕТ QFL Бірінші лиганың үздік сұрмергені болып 37 жастағы «Ұлытау» шабуылшысы Жасұлан Молдақараев атанды. Тәжірибелі футболшы 19 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Нәтижесінде өз клубына сенсациялық түрде күміс медаль мен жоғарғы дивизионға жолдама алуға көмектесті. Сұрмергендер бәсекесінде екінші орынды «Хан-Тәңірі» ойыншысы Диас Қалыбаев алды. Оның еншісінде 12 гол және 3 нәтижелі пас бар. 25 жастағы футболшының жоғарғы көрсеткіші оған «Үздік шабуылшы» номинациясын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Маусымның үздік жартылай қорғаушысы да анықталды. Бұл атақ «Каспийдің» 28 жастағы футболшысы Бекзат Қабыланға бұйырды. Ол 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ал «Жетісай» ойыншысы Мирас Мұхамбетжанұлы маусымның үздік қақпашысы болып танылды. 21 жастағы қақпашы клубтың барлық матчтарына қатысып, ең көп 100 соққыны қайтарып, 27 сейв жасады. Он матчта өз қақпасына доп жібермеді. Жоғарыдағы ойыншылардың барлығы маусымның үздіктер құрамасына енгенін атап өткен жөн.
QFL номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!

###OTHER_NEWS###