EN
KZ RU
27 November 2024 12:40
1XBET КУБОК ЛИГИ

1ХВЕТ QFL Лига кубогы: Алғашқы турнир қалай өтті?

27 November 2024 12:40

Өткен аптада еліміздің ең мықты 16 клубының қатысуымен өткен 1ХВЕТ QFL Лига кубогы ресми түрде мәресіне жетті. Осы орайда 6 айға жалғасқан бәсекенің негізгі статистикалық көрсеткіштерін назарларыңызға ұсынамыз.

 

- Турнир 25 мамыр мен 23 қараша аралығында ұйымдастырылды. 1ХВЕТ QFL Лига кубогының жеңімпазы овертаймда анықталып, елордалық «Астана» турнирдің алғашқы жеңімпазы болды.

- Алғашқы голын Марин Беланчич («Жеңіс») соқса, соңғы голдың авторы Усман Камара («Астана») атанды.

- Турнир барысында «Елімай» клубы ғана (2 жеңіс, 3 тең) негізгі уақытта ешкімнен жеңілмей, ең аз 2 гол жіберсе де, бәсекені жартылай финалда аяқтауға мәжбүр болды.

- Жанкүйерлер 82 голға куә болды. Ең көп 15 гол «Қайрат» ұжымына тиесілі.

- Ең көп 9 гол «Қайрат» - «Ақжайық» матчында (9:0) соғылды. Бұл турнир тарихындағы ең ірі жеңіс.

- 1ХВЕТ QFL Лига кубогы ойындарын 98 071 жанкүйер тамашалады.

- Ең көп 12 600 жанкүйер 1-ші тур аясында өткен «Ақтөбе» - «Қайсар» (2:0) матчына жиналды.

 - Қақпашылардың арасынан ең көп 16 соққыны «Жеңіс» қақпашысы Темірлан Анарбеков қайтарып, 4 гол жіберген. Ал чемпион атанған «Астана» командасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен 3 матчта алаңға шығып, бірде-бір гол өткізбеді.

 - Өз алаңында «Астана», «Жеңіс», «Қайрат», «Елімай», «Атырау», клубтары гол жібермеді.

- 29 матчта 4 мәрте ғана пенальти белгіленіп, «Астана», «Қайрат», «Елімай», «Тобыл» клубтары сәтті орындады.

- Ең көп 98 мәрте сәтті дриблингті жасаған «Астана» клубы. «Астана» шабуылшысы Усман Камара 19 рет қарсыласын сәтті алдаған.

- Қарсылас қақпасына ең көп 34 тура соққы бағыттаған – «Қайрат». Бразилиялық сұрмерген Жоау Пауло 7 дәл соққы бағыттап, ең көп 4 гол соқты. Нәтижесінде турнирдің үздік сұрмергені атанды.

- Маусымда 117 сары қағаз көрсетіліп, 10 ойыншы алаңнан қуылды. Ең көп 17 сары қағазды «Астана» алса, ең аз 3 сары қағаз «Тобыл» мен «Ақжайыққа» көрсетілді. Ал «Тұран», «Каспий», «Елімай» сапынан 2 футболшысы алаңды мерзімінен бұрын босатты.

- «Каспий» - «Шахтер» матчында ең көп 6 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды.

- Марин Беланчич пен Зураб Тевзадзе (екеуі де «Жеңіс») ең көп 580 минут жасыл алаңда уақыт өткізді.

 

Айта кетейік, турнирдің бас серіктесі – 1ХВЕТ компаниясы.