1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалына БАҚ аккредитациясы басталды
Qazaqstan Football League 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалында ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарына аккредитацияға тіркелу басталғанын хабарлайды. «Жеңіс» пен «Астана» арасындағы матч 23 қараша күні сағат 15:00-де Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Айта кетейік, рекордтық жалпы жүлде қоры бар турнирдің басты серіктесі – 1ХВЕТ букмекерлік компаниясы.
Аккредитацияға өтінішті келесі сілтеме арқылы толтыра аласыз. Өтініштер 2024 жылдың 20 қарашасы сағат 10:00-ге дейін (Қазақстан уақыты бойынша) қабылданады. Осы орайда белгіленген мерзімнен кейін толтырылған және дұрыс емес толтырылған өтініштер қабылданбайтындығын ескертеміз. Аккредитациядан өткеніңіз жайлы қосымша ақпарат сіздің электронды жәшігіңізге жолданады.
1ХВЕТ QFL Лига кубогы финалының медиа жоспары:
22 қараша, 2024 жыл
14:30 - 15:00 «Жеңіс» клубының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
15:00 - 16:00 «Жеңіс» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)
15:30 - 16:00 «Астана» клубының бас бапкері және ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
16:00 - 17:00 «Астана» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)
23 қараша, 2024 жыл
15:00 - 17:00 «Жеңіс» - «Астана» финалдық матчы
17:00 - 17:30 Марапаттау рәсімі*
17:30 - 17:50 Күміс жүлдегер атанған команданың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты*
18:00 - 18:20 Чемпион атанған клубтың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты*
*Экстратаймдар немесе пенальти сериясы болған жағдайда медиа жоспар өзгеруі мүмкін.
Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында (162 орам, 9-шы көше, 1а) өтеді. Аккредитация бейдждері 22 қараша күні сағат 14:00 - 14:30 аралығында беріледі. Журналистерге арналған орындар шектеулі болғандықтан QFL аккредитацияға өтінімдерді қабылдамауға және финалдық ойын барысында БАҚ тарапынан өрескел тәртіп бұзылған жағдайда аккредитацияны қайта кері қайтарып алуға құқылы.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда press@pflk.kz электронды жәшігіне жазсаңыз болады.