EN
KZ RU
25 September 2024 10:21
1XBET КУБОК ЛИГИ

1XBET QFL Лига кубогы: Финалға кім шығады?

25 September 2024 10:21

25 қыркүйек күні 1XBET QFL Лига Кубогының жартылай финалдық қарымта ойындары өтеді. 

 

25 қыркүйек

 

«Қайрат» - «Жеңіс»

Уақыты: 19:00   

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары    

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы) 

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Кольев Евгений (Павлодар), Русяев Алексей (Қарағанды)

VAR төрешісі: Горда Данил (Көкшетау)

AVAR төрешісі: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Омаров Рустам (Алматы)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

Қағаз жүзінде «Қайрат» фаворит болғанымен, алғашқы матчта «Жеңіс» клубы күтпеген жерден 2:0 есебімен жеңіп кетті. Енді жауапты ойында қонақтар есептегі басымдығын қалай болса да сақтауға тырысады. Бұған дейін топтық кезеңнің шешуші кездесуінде де астаналықтар дәл осындай жайтқа тап болып, шабуыл шебі өте мықты «Ақтөбенің» соққысына шыдас беріп еді. Жалпы Акис Вавалистің тактикасы алматылықтар үшін қолайсыз болып тұр. Қос команданың кейінгі екі ойынында «Қайрат» 40 соққы жұмсағанымен, 1 ғана гол соға алды. Сәрсенбінің кешінде де Жоао Пауло, Элдер Сантана т.б футболшылар соңғы минутқа дейін беріспейтіндігі түсінікті. Әзірше турнирде Жоао Пауло 4 голмен сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Бұл футболшының әлеуеті клубты финалға шығаруға жете ме екен?  

 

«Астана» - «Елімай»

Уақыты: 19:00     

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Хан-Тәңірі» (Алматы)

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Айжігітов Ғалымжан (Кызылорда), Жүсіпов Амангелді (Тараз)

VAR төрешісі: Суликанов Саят (Ақтөбе) 

AVAR төрешісі: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Қосалқы төреші: Васютин Сергей (Алматы)

Инспектор: Антонов Виктор (Павлодар)

Семей қаласында өткен матчта «Астана» клубы толықтай жастарына сенім артты. Алайда лық толы стадионда ойнаса да «Елімай» сол-күйі қарсыластың кілтін таба алмаған еді. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының шешуші ойындары мен еурокубокқа назарын көп аударып жатқан елордалықтар бұл кездесуге барлық мықтыларын шығармауы әбден мүмкін. Сол себепті 5 матч бойы жеңіске жетіп келе жатқан қонақтар фаворит саналады. Неге? Біріншіден, «Астана» клубы 29 қыркүйек күні ел чемпионатының кейінге шегерілген кездесуін өткізеді. Екіншіден, келесі аптада Конференция лигасы жалпы кезеңі басталады. Мықты футболшылардың күшін сақтау өте маңызды. Үшіншіден, резервті тексеруге жақсы мүмкіндік. Ал «Елімай» клубы келесі ойының тек 3 қазанда өткізеді. Осыған дейін жарыс жолында «Ордабасы», «Атырау» сынды мықтыларды қатардан шығарған семейліктер мүмкіндікен айырылып қалмауы тиіс. Осы маусымда OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жеткен «Елімай» кезекті рет ½ финалымен тоқтауға көңілдері толмасы анық.


1XBET QFL Лига кубогының жартылай финал ойындарын өткізіп алмаңыздар!