EN
KZ RU
06 August 2024 14:06

Аңыз қақпашы Құралбек Ордабаев 75 жасқа толды

06 August 2024 14:06

Qazaqstan Football League аты аңызға айналған қақпашы Құралбек Ордабаевты 75 жасқа келуімен шын жүректен құттықтайды.

Құралбек Досжанұлы Ордабаев 1949 жылы 6 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қақпашы, Қазақ КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984). «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСРО чемпионатында 185 ойынға қатысты. Халықаралық теміржолшылар одағы жарысы кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының басшысы, вице президенті (1992 – 1995), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000) болған.


Жетістіктері:


- 1973 жылы КСРО чемпионатында тең есепті болдырмау үшін, 90 минуттан кейін жеңімпаздар пенальти сериясы арқылы анықталды. Сол сәтте Құралбек Ордабаев қорғаған «Қайрат» клубы 11 ойында тең түсті. Нәтижесінде атақты қақпашы 10 матчта жеңіске жетуге көмектесті. Тек Украинаның «Днепр» ұжымына қарсы кездесуде ғана алматылықтар пенальтиден есе жіберді.

«Қайрат» (Қазақстан) – 11 пенальти (10 жеңіс)

«Днепр» (Украина) – 9 пенальти (8 жеңіс)

«Динамо» (Мәскеу) – 10 пенальти (7 жеңіс)


- 1973 жылғы чемпионатта Қайрат Ордабаев жалпы 15 пенальтиді (ойын кезінде – 2, ойыннан кейін - 13) қайтарған.


- КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионында ойын барысында пенальтиді қайтарудан Құралбек Ордабаев 8-орында (7 пенальти) тұр.


- 1971 жылы КСРО чемпионатының «жаңа есім» марапатын иеленген.


- Футбол мансабында 216 матчқа қатысып, 71-інде гол жібермеген.


- Тек 3 мәрте ғана сары қағаз алған.


QFL ардагер футболшы Құралбек Досжанұлын құттықтай отырып, денсаулық пен амандық тілейді!