EN
KZ RU
28 August 2024 18:55
SECOND LEAGUE

AKAS алғаш рет QFL Екінші лигасының чемпионы атанды

28 August 2024 18:55

Алматылық AKAS клубы QFL Екінші лигасының «Оңтүстік-Батыс» конференциясында мерзімінен бұрын топ жарды. Олар 19-шы турда сырт алаңда «Ордабасы» жастарын 0:2 есебімен жеңді. Команданың жартылай қорғаушысы Дархан Меделханның 21 және 68-ші минутта бағыттаған дәл соққылары қарсылас қақпасының торында тулады.

Осылайша, алматылықтар турнирдің аяқталуына 3 тур қалғанда 46 ұпай жинап, қарсыластарының қуып жетуіне еш мүмкіндік қалдырмады. Аталмыш маусымда AKAS клубы 15 жеңіс, 1 тең және 3 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Одан бөлек, алмтылық клуб 51 гол соғып, команда капитаны, QFL Екінші лигасының үздік сұрмергені Сергей Гридин 3 мәрте айдың ең үздік ойыншысы номинациясын жеңіп алды.

2018 жылы құрылған AKAS футбол клубы өткен жылы QFL Екінші лигасында дебют жасап, «Оңтүстік-Батыс» конференциясында 6-шы орынға тұрақтаған болатын. Анатолий Зазуля шәкірттері небәрі екі маусымда тарихи «алтын» жүлдені иеленіп, 2025 жылғы 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасына жолдама жеңіп алды. Айта кетейік, 2024 жылғы QFL Екінші лигасы 9 сәуірде басталып, 1 қазанға дейін жалғасады.

Qazaqstan Football League AKAS футбол клубын чемпиондығымен құттықтап, табыс тілейді!