EN
KZ RU
11 October 2024 08:31
SECOND LEAGUE

Ғани Қайназаров QFL Екінші лигасының чемпионы AKAS клубын марапаттады

11 October 2024 08:31
Алматы қаласында QFL Екінші лигасының «Оңтүстік-Батыс» конференциясының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті. Осы орайда Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров AKAS футбол клубына алтын медальдарды табыстады. Шараға алматылық команданың басшылығы, бапкерлік штабы мен ойыншылары қатысты.

Осы жылы AKAS өз тарихында алғаш рет чемпион атанды. Олар QFL Екінші лигасына екінші рет қатысып, 18 мәрте жеңіске жетті. Нәтижесінде қарсылас қақпасына 59 гол соғып, 55 ұпай жинады. Сондай-ақ, клуб капитаны Сергей Гридин 20 голмен турнирдің үздік сұрмергені атағын иеленді. Шабуылшы Арсений Мелещенко болса, нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша екінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, алматылық ұжым келесі маусымда 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасына қатысады.

«AKAS футбол клубы Алматы қаласының намысын қорғайтын клубтардың арасында өзінің нық орнын алды. Клубтың қожайыны, басшысы, қызметкерлері, бапкерлік штаб, футболшылардың ұжымдаса білгенінің арқасында «Оңтүстік-Батыс» конференциясының жеңімпазы атанды. Алдағы уақытта клуб 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында сәтті өнер көрсетіп, үлкен жеңістері алда деп сенемін. Лига үшін жеке клубтардың өскені өте маңызды. Бұл жерде Ибрагимов Даврон Алиджанұлының үлесін ерекше айтқым келеді. Ол тек спорттық бағыты ғана дамытып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті де қалыс қалдырмайды. AKAS-тың жетістігі елімізде өзге жеке клубтардың дамуына әсер етеді деп сенемін», - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров.

Айта кетейік, QFL Екінші лигасы маусымы 9 сәуір мен 1 қазан аралығында өткен еді.