EN
KZ RU
03 September 2024 18:15
UBET LEAGUE

«Арыс» клубынан ҚФФ регламент ережесін бұзғаны үшін ұпай алынды

03 September 2024 18:15

1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында өнер көрсететін «Арыс» клубынан ҚФФ регламент ережесін бұзғаны үшін 3 ұпайы алынды. Бұндай шешім 2024 жылдың 28 тамызында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды. Бұған клубтың ҚФФ регламентін қайта бұзғаны әсер етті. Нақтырақ айтсақ, «Арыс» жасөспірімдер командасы ҚР Жасөспірімдер чемпионаты аясында стадионға шықпады. Сондай-ақ, Тәртіптік регламенттің 10 тармағының 10 бабы бойынша «Арыс» клубына айыппұл салынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда клуб 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 22 турынан кейін 9 ұпаймен турнир кестесінде 15-ші орында келеді.