EN
KZ RU
02 April 2024 16:38
ЖЕНСКИЙ КУБОК

Астанада QFL Әйелдер кубогы мен QFL Әйелдер лигасының жеребесі өткізілд

02 April 2024 16:38
Астанада жаңа турнир саналатын QFL Әйелдер кубогы мен QFL Әйелдер лигасының жеребесі өткізілді. Жеребе тарту рәсімін атақты отандық футболшы, бүгінгі таңда Қазақстан әйелдер құрама бас бапкерінің көмекшісі Бегайым Қырғызбаева жүргізді. Жарысқа еліміздің 4 өңірінен «БИІК-Шымкент», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Томирис-Тұран» клубтары қатысады. 

QFL Әйелдер кубогының бірінші бәсекесі 1 - 9 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде өтеді. Турнир айналымдық жүйеде ұйымдастырылып, әр команда 4 матчтан ойнайды. Кездесуде тең есеп қарастырылмаған. Егер ойынның негізгі уақытында есеп тең болса, жеңімпаз бірден пенальти сериясы арқылы анықталады. Сондай-ақ, ұпай 4 деңгей бойынша беріледі. Негізгі уақыттағы жеңімпаз – 3 ұпай, пенальтидегі жеңімпаз – 2 ұпай, пенальтиде есе жіберген клуб – 1 ұпай, негізгі уақытта жол берген команда – 0 ұпай. 

Ал QFL Әйелдер лигасы 17 мамыр - 4 қазан күндері аралығына жоспарланған. Лига 4 айналым бойынша Шымкент, Түркістан, Ақтөбе және Көкшетау қалаларында өтеді. Турнирлердің барлық ойындарын Q Football, Q Arena, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайты тікелей эфирде ұсынады. 

Назарларыңызға QFL Әйелдер кубогы мен QFL Әйелдер лигасының ойындар кестесін ұсынамыз.