EN
KZ RU
10 December 2024 13:15
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

Әділбек Жұмаханов Анатолий Ионкин атындағы номинацияны иеленді

10 December 2024 13:15
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік жас ойыншыны ұсынады. Ионкин Анатолий Михайлович атындағы номинацияны 21 жастағы қорғаушы Әділбек Жұмаханов жеңіп алды. Жеңімпаз турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. 

«Атырау» клубының түлегі осы маусымда 18 ойынға қатысып, 2 гол соқты. Ол өз командасымен турнир кестесінде 7-орынға тұрақтап, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ, отандасымыз 2024 жылы ұлттық құрама сапында дебют жасап, өткен аптада «Елімай» клубына ауысты.

QFL Әділбек Жұмахановты құттықтап, табыс тілейді!