EN
KZ RU
12 August 2024 19:30
SECOND LEAGUE

«Іле-Алатау» клубына QFL Eкінші лигасының 16-шы турында техникалық жеңіліс берілді

12 August 2024 19:30
QFL Екінші лигасы «Оңтүстік-Батыс» конференциясының 16-шы туры аясында өтуге тиіс болған «Іле-Алатау» - «Талас» ойынына «Іле-Алатау» футбол клубының келмеуіне байланысты 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 10 тамызында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды.

Айта кетейік, аталмыш кездесу 2024 жылдың 7 тамызында Алматы қаласындағы Football land стадионында өтуі тиіс еді.