14 January 2025 21:40
OLIMPBET SUPERCUP
Лига кеңесінің қорытындысы: Суперкубок уақыты, әйелдер футболының дамуы, легионерлерге лимит
14 January 2025 21:40
Бүгін Лига кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар өзекті сұрақтарға байланысты шешім қабылданды. Кеңестің мүшелері 2025 жылғы OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогының уақыты мен өтетін жерін белгіледі. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының чемпионы «Қайрат» пен OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының иегері «Ақтөбе» командаларының арасындағы матч 22 ақпан күні «Астана Арена» (Астана қ.) стадионында өтеді. Сондай-ақ, отырыстың мүшелері еліміздегі футбол турнирлерінің сапасын жоғарлату және әйелдер футболының дамуы жайлы талқылады. Футбол клубтарының лицензиялау ережесіне сәйкес, енді әр клубтың 2025 жылы QFL Әйелдер лигасына қатысатын әйелдер командасы болуы тиіс. Айта кетейік, ҚФФ Атқарушы комитеті аталмыш ережені өткен жылдың қазан айында енгізген еді.
Сонымен қатар ҚФФ QFL-мен біріге шетелдік футболшыларға қатысты лимитті қайта қарап, әр матчтың өтінімінде кемінде 21 жасқа дейінгі екі ойыншы болуы тиіс деген ұсыныс білдірілді. Нақтырақ айтсақ, өтінімде легионерлердің саны 10-нан аспауы керек және қосымша әр шетелдік футболшы үшін 40 миллион теңге төленген жағдайда, тағы екі легионерді қосуға рұқсат. Ал жиналған барлық қаржы арнайы қорға жіберіліп, 21 жасқа дейінгі ойыншыларға жасыл алаңда көп уақыт берген командалар арасында бөлінеді. Лимит бойынша ұсынысты ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен «Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады. «Ақтөбе», «Қызылжар» мен Ertis клубтары қалыс қалса, «Қайрат» клубының бас директоры Асқар Есімов қарсы шықты. Нәтижесінде бұл ұсыныс ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелерінің кеңесінде талқыланатын болады.
Лига кеңесінің құрамында да бірқатар өзгерістер болды. Жаңартылған құрамға Ерлан Жамантаев (QFL президенті), Михаил Гурман («Астана» ФК директорлар кеңесінің төрағасы), Николай Панин («Қызылжар» ФК директоры), Асхат Сейсембек («Ордабасы» ФК президенті), Асқар Есімов («Қайрат» ФК бас директоры), Санат Шалекенов («Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы), Сейітбек Сембаев (Ertis ФК директоры) енді.

###OTHER_NEWS###