EN
KZ RU
13 October 2024 10:35
OLIMPBET CUP

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы: 2024 жылғы маусым қалай өтті?

13 October 2024 10:35

Тура екі апта бұрын OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының кезекті маусымы аяқталды. 32-ші мәрте өткен ел кубогы 11 наурыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасты. Оған OLIMPBET QFL Премьер-лиганың 13 клубы, 1XBET QFL Бірінші лиганың 13 клубы және QFL Екінші лиганың 6 клубы қатысып, нәтижесінде араға 16 жыл салып, «Ақтөбе» клубы чемпион атанды. Осы орайда назарларыңызға өзге де статистикалық мәліметтерді ұсынғанды жөн көрдік.

 

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы бойынша мәліметтер:

 

- Турнирдің 1/8 бен ¼ кезеңдері жеңімпаздары бір матчтық форматта анықталды.

⁃ Жалпы 41 матч өткізіліп, 93 гол соғылды. Асланбек Кәкімов («Ақсу»), Ахмед Эль-Мессауди («Тобыл»), Николай Сигневич («Атырау») ең көп 3 голдан соқты. Бұндай төменгі көрсеткіш бұған дейін 2017 жылғы Қазақстан кубогында қайталанған еді.

- Ең көп 17 083 жанкүйер «Ордабасы» - «Ақтөбе» клубтарының арасындағы ширек финалдық ойында жиналды.

- Жартылай финалда «Елімай» - «Ақтөбе» арасындағы матчта ең көп 9 сары қағаз, 1 қызыл қағаз көрсетілді.

- Турнир барысында 207 сары қағаз көрсетіліп, 5 футболшы алаңнан қуылды. Ең дөрекі клуб ретінде чемпион атанған «Ақтөбе» (15 сары қағаз, 1 қызыл қағаз) танылса да, финалист «Атыраудың» (14 сары қағаз, 1 қызыл қағаз) көрсеткіші шамалас.

- Турнирде жалпы 93 голдың куәсі болғанымен, 7 клуб мүлде қарсылас қақпасыннан саңылау таба алмады. Ал ең көп 14 гол «Атырауға» тиесілі.

- Қақпашылардың арасынан SD Family өкілі Станислав Самойлов ең көп 23 соққы қайтарып, ең көп 7 гол жіберген.

- Футболшылардың арасынан жасыл алаңда ең көп 493 минутты «Атырау» ойыншысы Никита Степанов өткізген. Ал 5 футболшы турнирде 3 минут қана бой көрсеткен. Олардың арасында күміс жүлдегер Едіге Оралбай («Атырау») да бар.

- Ең көп 15 финалды Алматының Орталық стадионы қабылдаған. Жалпы финалдық ойындарды Алматы (15), Астана (13), Тараз (2), Шымкент (1), Ақтөбе (1) қалалары ғана өткізген.

- Финалдық ойынды 13 576 жанкүйер тамашалады. Бұл Алматының Орталық стадионында өткізілген финалдар арасындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, жалпы финалдар тарихында, Алматыда өткізілген ойын жиналған көрермендер саны бойынша 4-ші орында.

- Жалпы 32 финалда 69 футболшы гол салып, 1 автогол тіркелген.

- «Ақтөбе» өз тарихында екінші мәрте Кубок иегері атанды, ал жалпы «Қайрат» клубы 10 мәрте чемпион атанып, оқ бойы озып тұр.

- OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы ойындарына осы маусымда 96 147 жанкүйер жиналды.