EN
KZ RU
16 September 2024 16:22
OLIMPBET CUP

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалына БАҚ үшін аккредитация

16 September 2024 16:22
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалында ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарына аккредитацияға тіркелу басталғанын хабарлайды. «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч  29 қыркүйек күні кешкі 17:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Айта кетейік, турнирдің басты серіктесі - OLIMPBET букмекерлік компаниясы. Сондай-ақ, финалда AirAsia әуе компаниясы мен «Додо Пицца» халықаралық пиццерия желісі серіктес болады. 

Аккредитацияға өтінішті келесі сілтеме арқылы толтыра аласыз. Өтініштер 2024 жылдың 23 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін (Қазақстан уақыты бойынша) қабылданады. Осы орайда белгіленген мерзімнен кейін толтырылған және дұрыс емес толтырылған өтініштер қабылданбайтындығын ескертеміз. Аккредитациядан өткеніңіз жайлы қосымша ақпарат сіздің электронды жәшігіңізге жолданады.

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы финалының медиа жоспары:

28 қыркүйек, 2024 жыл

16:30 – 17:00 «Атырау» клубының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
17:00 – 18:00 «Атырау» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)
17:30 – 18:00 «Ақтөбе» клубының бас бапкері және ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
18:00 – 19:00 «Ақтөбе» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)

29 қыркүйек, 2024 жыл

17:00 - 19:00 «Атырау» - «Ақтөбе» финалдық матчы
19:00 – 19:30 Марапаттау рәсімі*
19:30 – 19:50 2-орын алған команданың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты*
20:00 – 20:20 Чемпион атанған клубтың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты*

*Экстра-таймдар немесе пенальти сериясы болған жағдайда медиа жоспар өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар Алматы қаласының Орталық стадионында (Сәтбаев к. 29/3) өтеді. Аккредитация бейдждері 28 қыркүйек күні 15:30 - 16:30 уақыт аралығында беріледі. Журналистерге арналған орындар шектеулі болғандықтан QFL аккредитацияға өтінімдерді қабылдамауға құқылы және финалдық ойын барысында БАҚ тарапынан өрескел тәртіп бұзылған жағдайда аккредитацияны қайта кері қайтарып алуға құқылы.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда press@pflk.kz электронды жәшігіне жазсаңыз болады.