EN
KZ RU
17 November 2024 16:20
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы: Биылғы маусым қалай өтті?

17 November 2024 16:20

Бір апта бұрын OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымы мәресіне жетті. Алматылық «Қайрат» клубы 47 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Шиеленіске толы футболдан басты турнирдің маусымы туралы қызықты жайттармен бөлісеміз.

- Турнир 1 наурыз бен 10 қараша аралығында ұйымдастырылды. Чемпион және еурокубокқа барлық жолдама иегерлері тек соңғы 26-шы турда анықталды. Алматылық «Қайрат» клубы өз тарихында төртінші мәрте ел чемпионы атанды.

- Маусым барысында «Ордабасы» (11 рет), «Ақтөбе» (6 рет), «Тобыл» (3 рет), «Қайрат» (3 рет), «Астана» (2 рет), «Елімай» (1 рет) турнир кестесінде көш бастады.

- «Ордабасы» командасы ең ұзақ 12 матч жеңілмеді.

- Ең көп 8 гол «Қызылжар» - «Қайсар» матчында (6:2) соғылды.

- «Елімай» өз алаңында «Тұран» клубын 6:0 есебімен жеңіп, ең ірі жеңісті тіркеді.

- «Шахтер» клубы ғана сырт алаңдағы барлық 12 ойында жеңіліске ұшырады. Бір қызығы, түздегі ойында ең көп 2 голды ел чемпионы атанған «Қайрат» қақпасына соққан. 

- 26 турдың қорытындысы бойынша, 369 голдың куәсі болдық. Қарсылас қақпасына ең көп 39 гол соққан клубтар – «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе». Ең аз 12 голды «Шахтер» салды.

- Ең көп гол соғатын мүмкіндікті туындатқан команда - «Астана» (XG-39,19). «Қайрат»(XG-35,85) екінші орында тұрғанымен, гол соғу көрсеткіштері бірдей.

- Ең аз 19 голды «Астана» командасы өткізіп, 10 матчта гол кіргізбеді. Ал «Тобыл» клубы ең көп 11 матчта гол өткізбегенімен, жүлделі және еурокубок аймағынан да тыс қалды.

 - Қақпашылардың арасынан ең көп 86 соққыны «Қайсар» қақпашысы Степан Сикач қайтарған. Екінші орында 69 соққымен Егор Цуприков («Шахтер») тұр.

 - Өз алаңында «Елімай» клубы ғана 1 мәрте жеңіліске ұшырады. Әйтсе де өз үйінде «Тобыл» клубы ең көп 26 ұпай жинаған.

 - Сырт алаңда ең сәтті 13 ұпай жинаған ұжым – «Ақтөбе». Ал, қарағандылық «Шахтер» түзде әлі бірде-бір ұпай ала алмады.

- 288 матчта 48 мәрте пенальти белгіленіп, оның тек 32-cі ғана сәтті орындалды. Ең көп 12 пенальтиді «Астана» орындаса, «Жеңіс» клубы бірде-бір пенальти теппеді. Ал ең көп 7 пенальти «Жетісу» қақпасына белгіленді.

- Ең көп 667 мәрте сәтті дриблингті жасаған «Астана» клубы. «Қызылжар» ойыншысы Рубен Бриджидо 76 рет қарсыласын сәтті алдаған.

- Қарсылас қақпасына ең көп 132 тура соққы бағыттаған – «Қайрат». Бразилиялық сұрмерген Жоау Пауло 43 дәл соққымен оқ бойы озып тұрса да, 10 рет гол соқты. Салыстырмалы түрде Ислам Чесноков («Тобыл») 10 гол соғу үшін, 21 соққы қажет болса, Николай Сигневичтің («Атырау») 13 тура соққысының 10-ы голмен аяқталған.

- Турнирдің үздік сұрменгердері болып Ислам Чесноков («Тобыл»), Жоау Пауло («Қайрат»), және Николай Сигневич («Атырау») атанды. Әрқайсысы 10 голдан соқты.

- Осы маусымда сұрмергендердің ең төменгі (10 гол) көрсеткіші тіркелді. Бұған дейін 2020 жылы пандемия уақытында Жоао Пауло 12 гол соққан еді.

- «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген үздік ассистент атанды (8), ал үздік қақпашы атағын Стас Покатилов жеңіп алды. «Тобыл» қақпашысы 24 ойын өткізіп, 11 матчта гол өткізбеген.

- Маусымда 709 сары қағаз көрсетіліп, 31 ойыншы алаңнан қуылды. Ең көп 70 сары қағазды «Тұран» алса, ең аз 32 сары қағаз «Астанаға» көрсетілді. «Атырау» мен «Қайсардан» 4 ойыншы қуылса, «Қайрат», «Елімай», «Жеңіс» клубтарынан ғана ең аз 1 футболшыдан мерзімінен бұрын алаңды босатты.

- Биылғы маусымда «Қайсар» - «Қайрат» пен «Ақтөбе» - «Қайрат» матчтарында ең көп 11 сары қағаз көрсетілді.

- 20 сәуір күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат» - «Ақтөбе» матчын ел чемпионатының тарихындағы рекордтық 22 804 жанкүйер тамашалады.

- OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымында Дмитрий Шомко («Елімай») 17 мәрте жасыл алаңға шықты. Осы көрсеткіштің арқасында ол жалпы ел чемпионатындағы ойынын 369-ға жеткізіп, 11-орынға көтерілді.

- Биылғы маусымда Бірінші лигадан көтерілген «Елімай», «Жеңіс», «Тұран» клубтары да жоғары дивизиондағы орындарын сақтап қалды.

- Маусым барысында «Қайрат», «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ақтөбе» клубтары бас бапкерін отставкаға жіберді.

- «Шахтер» клубы өз тарихында алғаш рет жоғарғы дивизионмен қоштасты. Әзірше Премьер-лигада ең ұзақ 26 маусым бойы орнын сақтап келе жатқан келесі ұжым – «Тобыл».

- OLIMPBET QFL Премьер-лигасының ойындарын осы маусымда 674 770 жанкүйер тамашалады.