EN
KZ RU
23 October 2024 14:25

Qfootball платформасында QFL ойындарының аудиториясы саны жарты миллионға жетті

23 October 2024 14:25

Qazaqstan Football League отандық футболдың аудиториясымен байланысты күшейту мақсатында белсенді түрде жұмыс атқаруда. Осы маусымның өзінде бір миллионнан астам жанкүйер ойынды стадионнан тамашалады. Турнирге деген қызығушылықтың өсуіне ойындардың тікелей эфирін ұйымдастыру барысында жаңа бағыттардың қолданылуы да өз әсерін тигізді. Qsport медиахолдингімен серіктестіктің арқасында 2024 жылы турнирдің барлық матчтары бірнеше телеарна мен түрлі платформаларда алғаш рет көрсетілуде. 

Отандық футболды тамашалауға арналған алғашқы Qfootball ОТТ-платформасы қосылғалы бері қолданушылар саны 500 мыңға жетіп, көрсеткіш одан әрі өсіп жатыр. Матчтар тікелей эфирде және жоғары сапада көрсетіліп, спорт сарапшыларының қатысуымен студиялық бағдарламалар да қолжетімді. Эфирді артқа жылжыту мен видеоны фондық режимде көру қолданушылар үшін ыңғайлылықты қалыптастырады.

 

kz_1 (1).png

Qfootball барлық турнирдің трансляциясы, жазбасы, шолуын ұсынуы арқылы отандық футболдың маңызды бөлігіне айналды. Платформаны тек браузерде ғана емес, сондай-ақ iOS, Android және Smart TV арқылы көріп, көрермендер қай жерде болса да ешқандай кедергіге тап болмайды.

 

kz_2.png

 

«Qfootball-дың басты жетістігінің бірі - терең сараптама және қолданушылардың мәліметтері арқылы жұмыс істеу. Алынған ақпараттар көрерменнің қызығушылығын жете түсініп, өнімді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Біз трансляцияның сапасын оңтайландырып, жекелеген контент ұсыну арқылы интерфейсті күшейтеміз. Нәтижесінде платформа одан сайын ыңғайлы бола түседі», - деді Qsport медиахолдингінің жетекшісі Әлібек Сәрсембаев.

 

kz_3.png

 

Qfootball-дің көрсеткіші отандық футболға деген қызығушылықтың артқанын дәлелдейді. Қазіргі сәтте OLIMPBET QFL Премьер-лигасы, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы ойындары мен матчтардың шолулары сұранысқа ие.

 

kz_4.png

 

Qfootball-дің қосылуы отандық футболдың ақырындап бизнес-моделін қалыптастыруына әсер етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Қолданушылардың дерегі арқылы QFL өз аудиториясының сұраныстары мен құндылығын жете түсіне алады. Соның арқасында футболды тек спорттық жарыс ретінде ғана емес, толыққанды өнім ретінде дамытып, аудиторияның артуына, стадионға және экран алдына адамның көптеп жиналуына серпін береді.

 

Приложение описание.jpg

 

Qfootball платформасы барлық жастағы жанкүйерлердің басын тоғыстырып, отандық футболдың дамуына әсерін тигізеді. QFL және Qsport медиахолдингі отандық футболдың жанкүйерлері ыңғайлы, тартымды бола беру үшін, қызметті одан әрі дамыта береді. Айта кетейік, Qfootball мобильді қосымшасын отандық қолданушылар келесі сілтемелер арқылы жүктей алады - iOS қолданушылары және Android қолданушылары.