EN
KZ RU
04 August 2024 12:15
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

Ринат Әлеуетов: Үш ойыннан кейін өз үйімізге, өз жанкүйерлерімізге ораламыз

04 August 2024 12:15

Түркістанның «Тұран» клубы OLIMPBET QFL Премьер-лигасында 11-ші орында келеді. Команда неге төменгі орында келе жатыр және осы маусымға қандай мақсаттар қойған? Осы және өзге де сұрақтарға және ұжымның қазіргі жағдайы бойынша бас бапкер Ринат Әлеуетов QFL.KZ сайтына жауап берді.

 

- Ринат Мұратұлы, ресми 1 айдан кейін ғана OLIMPBET QFL Премьер-лигасында доп тепкелі жатырсыздар. Үзіліс кезі командаға қалай әсер етті?

- Ұзақ үзіліс әрқашан командаға өте жағымсыз әсер етеді. Бір ай біз үшін өте ұзақ. Еліміздің намысын еурокубоктарда қорғап жатқан клубтардың ұсынысын қабыл алып, олармен өтетін ойындарды кейінге шегердік. Футболшылар осындай үзілісте ойын ырғағын жоғалтып алады. Сондықтан тоқтамай еңбек етудеміз.

 

- Трансфер кезі клуб ішіндегі мәселелерді шешуге оң мүмкіндік. Сонымен қатар кей ойыншылар командамен қоштасып та жатады. Сіздердің клубтарыңыз үшін бұл кезең қалай өтті?

- Жыл басында жаттықтырушылар штабы мен клуб басшылығының арқасында мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, жауынгерлік қабілеті бар ұжымды жинадық. Өкінішке қарай, трансферлік терезе ашылғаннан кейін, бірқатар футболшыларымыз клубтан кетуге ниет білдірді. Біз бұған кедергі бола алмадық, өйткені біз әр футболшы өзіне және отбасыларына қолайлы жағдай іздейтінін түсінеміз. Бірақ біз көңілімізді түсірмейміз және кез келген адамды алмастыруға болатынын білеміз. Командаға жаңа есімдер келді, жақын арада олардың есімдерін білетін боласыздар.

 

- OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымы күтпеген нәтижелерге толы. Бәсекелестіктің артуына не себеп болды деп ойлайсыз? Айқын фаворит пен аутсайдерді айтуға әлі ерте ме?

- Ұлттық құрамамыздың жақсы өнер көрсетуінің арқасында футболға жанкүйерлер, демеушілер және т.б. тарапынан үлкен қызығушылық артты. Демеушілердің ақша бөлуі және мемлекет тарапынан көбірек назар аударудың арқасында көптеген командалар жоғары мақсаттар қоя бастады. Сонымен қатар легионерлерге қатысты лимиттің жойылуы командалардың тең болуына әсер етті. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымын болжау қиын. Барлық командалар бір-бірін жеңе алады.

 

- Әзірше турнир кестесінің төменгі бөлігінде келе жатырсыздар. Сіздерге ұпай жинауға өз стадиондарыңызда ойнамағандарыңыз кесірін тигізуде ме? Команда «Түркістан Аренаға» қашан оралады?

- Жыл басында клуб трансферлік шектеуге тап болды. Уақыт өте келе, шектеуді алып тастай алдық. Біз өз мүмкіндіктерімізбен және алға қойған міндеттерді шешу үшін, бар күшімен күресетін ұжым жинадық. Қазіргі таңда бізді сырт алаңда 3 ойын күтіп тұр. Осы ойындардан кейін біз өз үйімізге, өз жанкүйерлерімізге ораламыз.

 

- OLIMPBET QFL Премьер-лигасында ең жас бапкерлердің бірісіз. Жас ерекшелігі ойыншылармен қарым-қатынасқа қаншалықты әсер етеді?

- Иә, мен OLIMPBET QFL Премьер-лигасындағы ең жас жаттықтырушымын. Егер сізде білім мен өзіне деген сенімділік болса, сізді ештеңе шатастырмайды және кедергі бола алмайды. Футболшылармен ешқандай қиындық жоқ. Себебі, олар өз істерінің мамандары. Егер олардың әрқайсысын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс көзқараспен қарасаң, ешқандай қиындықтар туындамайды.

 

- Өткен маусымды бапкер ретінде Бірінші лигада өткіздіңіз. Енді 3 жылдан кейін қайта жоғарғы дивизионға оралып жатырсыз. Қаншалықты өзгеріс бар? Әсеріңізбен бөлісе аласыз ба?

- Үш жыл ішінде өзгерген жалғыз нәрсе - ол белгілі бір сәттерге жетілген көзқарасымда. Мен Бірінші лигада жұмыс істеп, Премьер-лигаға қайта оралдым. Бір ғана нәрсе өзгерді. Мен жетіле бастадым және алға жылжу үшін еңбек етуден жалықпаймын.

 

- Жаңадан құрылған 1XBET QFL Лига кубогы жайлы көзқарасыңыз қалай? Топтық кезеңде тек сіздер ғана жеңіске жете алмадыңыздар. Бұған не себеп болды?

- 1XBET QFL Лига кубогы - жақсы турнир. Бұл бәсекеде чемпионатта аз ойын уақытын алған футболшыларға көбірек сенім білдіріп, жасыл алаңда тәжірибе жинауға мүмкіндік бердік. Өкінішке қарай, топтық кезеңде жеңіске жете алмадық. Құрамға өзгеріс жасап көрдік. Себебі, біз бұл жағдайды OLIMPBET QFL Премьер-лигасында жасай алмаймыз.

 

- Отандық чемпионатта сізді шетелдік легионерлерге көп мүмкіндік береді деп айыптайды. Бірақ «Тұран» клубының ішінде де отандық футболшылардың легі қалыптасып жатыр ма? Оларды қалай жігерлендіресіз?

- Мені легионерлермен көбірек ойнайды деп айыптайды. Мен тағы қайталап айтамын. Құрамды 25 отандық футболшымен жасақтағым келеді. Бірақ бір командада жақсы деңгейдегі 25 футболшыны табу өте қиын. Басшылық тек оң нәтижені талап етеді. Сізден нәтиже болмаса, қанша және қандай футболшылар ойнағанын сұрамайды. Жанкүйерлер мен журналистер әрдайым отандық футболшыларды қолдайды және бұл үшін оларға рақмет. Бірақ олар екінші жағын да түсінуі керек. Егер 17 жасында футболшы Премьер-лигада ойнауға дайын болса, онда ол ойнайды, ал егер ол дайын болмаса, қосалқы құрамда отырады. Өйткені бапкер жақсы футболшыларды қосалқы құрамда қалдыра алмайды.

 

Айта кетейік, OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 16-шы турында «Тұран» сырт алаңда «Астана» клубына қонаққа барады. Ойын бүгін сағат 20:00-де Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» стадионында өтеді. Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасынан көре аласыз.