EN
KZ RU
04 September 2024 15:40
UBET LEAGUE

23-ші тур аңдатпасы: «Оқжетпес» бірінші орынды сақтап қалады ма?

04 September 2024 15:40

5-6 қыркүйек күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 23-ші турында турнир кестесі бойынша бірнеше өзгерістер болуы әбден мүмкін.

 

5 қыркүйек

 

«Алтай» - «Ақжайық»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Восток» стадионы (Өскемен)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Якбаров Ринат, Серікболов Данияр (екеуі де Семей)

Қосалқы төреші: Мейірбаев Аслан (Өскемен)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

Өскемен қаласындағы кездесуде Вахид Масудовтың шәкірттері ешнәрсе жоғалтпаса да, қарсыластарына оңайшылықпен ұстатып жатқан жоқ. «Ақжайық» клубы аутсайдер әрі бір апталық үзілістен кейін ойын ырғағын жоғалтып алуы да мүмкін. Бірінші айналымда өскемендіктер 10 футболшымен қалса да, 0:2 есебімен басым түскен. Жалпы «Ақжайық» командасына қаншама басымдық болғанымен, әлі де қолдана алмай келеді. Алдағы кездесуде де ұшу аймағынан ұзауға тырысатын «Ақжайықтың» қаншалықты әлеуетті екенін көретін боламыз.

 

«Ұлытау» - «Тараз»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері«Металлург» стадионы (Жезқазған)

Төрешілер: Чеховский Георгий (Астана), Жақсылық Төребек, Ахметов Азамат (екеуі де Қызылорда)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

Өте жақсы қалыпта келе жатқан «Ұлытау» клубы тур өткен сайын жоғарғы сатыға көтеріліп келеді. «Тараз» клубын да жеңуге шамасы жетуге тиіс. Бірінші айналымда да жезқазғандықтар 1:2 есебімен басым түскен. Бір ерекшелігі - сол сәтте гол соққан Бауыржан Тұрысбек пен Әділет Омарбек қазіргі сәтте командада жоқ. Дегенмен, клуб әлсірегеннің орнына OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығатын басты фавориттердің біріне айналып кетті. Өткен турда өз мүмкіндіктерін қолдана алмай, «Қайрат-Жастардан» есе жіберген «Тараз» клубы турнир кестесінде бір саты төмен түсті. Жоғарғы топтағы бәсекелестікті ескеретін болсақ, оның үстіне басты қарсыластың бірімен доп тебетіндіктен, жамбылдықтар бір амалын қарастыруы тиіс.

 

«Каспий» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды) Быков Антон, Волков Артем (оба Атырау),

Қосалқы төреші: Ыдырысов Сағадат (Ақтау)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Бірінші айналымда ақтаулықтар күтпеген жерден «Ақтөбе» жастарынан 2:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол жеңіліс сәтсіздік сериясының бастауына әкеліп, салдарынан бас бапкер Владимир Никитенко қызметінен босатылған болатын. Енді «Каспий» осы кездесуге өзге жаттықтырушымен қарсыласты қабылдамақ. Фаворитті айтудан бөлек, қонақтар ірі жеңілістен қаншалықты сақтана алады деген сұрақты қойғанымыз жөн шығар?

 

 

6 қыркүйек

 

«Қайрат-Жастар» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Ткачев Кирилл, Сәрсенбаев Нұрлан, Жолдас Бақытжан (все Алматы)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Гаузер Александр (Петропавл)

Бірінші айналымда «Хан-Тәңірі» бірнеше матч бойы қақпаларына гол өткізбей келе жатқанда, дәл осы «Қайрат-Жастар» 0:3 есебімен басым түскен еді. Содан бері қаншама уақыт өтті. Алматылық ұжымдар әлі де жоғары орындарға таласып келеді. Бірі чемпион атануды көздесе, бірі өз тарихында алғаш рет OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығуды аңсайды. Алайда дәл осы турда бірінің жолы тоқтайтыны анық. Тәжірибелі футболшылар басым түсе ме? Әлде жастық жалын алып кете ме?

 

«Арыс» - SD Family

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат, Арыстанбай Шыңғыс, Ташметов Сардар (барлығы Шымкент)

Қосалқы төреші: Халилов Муродбек (Шымкент)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Қос ұжым да гол өткізу көрсеткіші бойынша ТОП-3 тізіміне енеді. Әсіресе OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығуға ұмтылған SD Family клубының амбициясы орындалмайтын секілді. Басты қарсыластарына қарсы өткізген матчтарда астаналықтарға 1 ұпай да бұйырмады. «Арыстың» жағдайы маусым басында белгілі болған. Команда жан сақтап қалу үшін, әр тур сайын жанын салып келеді. Тек соңғы минуттағы голдардың кесірінен бірнеше мәрте ұпайдан қағылды. Бірінші айналымда SD Family 6:1 есебімен тас-талқан қылып еді. Енді алаң иелері тағы да ірі жеңілістен сақтана ала ма екен? Әлде реваншқа күштері жете ме?

«Оқжетпес» – «Жетісай»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Ахметов Алмаз (Алматы), Қадыров Жалғас (Өскемен), Сайдулаев Мансур (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

«Оқжетпес» өз стадионында оңайшылықпен жеңіле бермейді. Бірінші лига аясында олар 2022 жылдың мамыр айында «Түркістанға» ғана 0:1 есебімен жол берген. Бұл фактор «Жетісайлықтар» үшін жеңіске жету мүмкіншілігін төмендетеді. Бұл себептен бөлек те, көкшетаулықтар кейінгі 12 матчтың 11-інде қарсыласынан басым түсіп, көш басында тұр. Алайда алаң иелері ұпай жоғалтса, «Қайрат-Жастар» командасына жеткізіп алуы мүмкін. Көшбасшы болғанына қарамастан, «Оқжетпесте» қысым бар. Ал турнирдің басты сенсациясы статусын иеленген «Жетісай» тур өткен сайын құлдилап барады. Тағы да ұпай жоғалтса Жоғарғы дивизионға таласу үміті одан әрі азаятыны сөзсіз.

 

Айта кетейік, «Екібастұз» бен «Түркістан» кездесуі түркістандық команданың ойынға келе алмауына байланысты өтпейді.