EN
KZ RU
26 September 2024 12:59
UBET LEAGUE

26-шы тур аңдатпасы: «Екібастұз» ақтаулық клубтың мақсатына бөгет бола ма?

26 September 2024 12:59

26-27 қыркүйек күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 26-шы турында чемпиондыққа талас жүргізетін клубтардың саны азайып, айқын аутсайдер анықталуы әбден мүмкін.


26 қыркүйек


«Алтай» - «Түркістан»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Восток» стадионы (Өскемен қ.)

Төрешілер: Вишняков Дмитрий (Семей), Бектұров Әлібек, Стасенко Виктор (екеуі де Талдықорған)

Қосымша төреші: Молтусинов Антон (Өскемен)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

«Алтай» клубы осы айда Өскемен қаласында өткізген 2 матчында да жеңіске жетті. Тіпті турнир кестесінің көшбасшысы «Оқжетпестен» айласын асырды. Сондықтан алаң иелерін қай тұрғыдан алсақ та, фаворит. Өз стадионында команда кемі 10 соққыдан бағыттап жүр. Бұл соққылар қорғаныс шебінде мәселе бар «Түркістан» қақпасына кіріп кету ықтималдылығы жоғары. Ешқандай психологиялық қысымы жоқ өскемендіктер ойлаған жоспарын жүзеге асыруға жеңілірек. Ал «Түркістан» клубы ұшу аймағынан алыстағанымен, түпкілікті мәселе шешілмеді. Клуб жазғы трансферлік кезеңде шабуыл шебін шешкенімен, голды да көп өткізеді. Бір қызығы – дәл осы стадионда «Алтай» қақпасына керемет гол соғып, «Арыс» ұжымына жеңіс сыйлаған Бейбарыс Әбділхай енді «Түркістан» сапында қайта Өскемен қаласына ат бұрмақ.


«Оқжетпес» - «Тараз» 

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау қ.)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Тұрғынбеков Райымбек, Герасимова Оксана (екеуі де Петропавл)

Қосымша төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

Өткен турда Өскемен жерінде сенсациялық жеңіліске ұшыраса да, «Оқжетпес» турнир кестесіндегі бірінші орынын сақтап қалды. Алайда осы аптада ұпай жоғалтса, көш басында қалуы қиындамақ. Қарсыласты оңай деп айтуға келмейді. Бір апта бұрын Екібастұз қаласында алаң иелерінің жойқын соққыларына шыдас берген «Тараз» өз сәтін қолданып, 1 ұпаймен қайтқан еді. Бұл көрініс Көкшетау қаласында да жалғасып кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұған дейін «Оқжетпес» өз алаңында 2020 жылы тең ойнаса, 2019 жылы тіпті жеңіліп қалған. Ал бірінші айналымдағы теке-тіресте «Тараз» 10 футболшымен қалса да, соңғы минутқа дейін ұпай алуға тырысты. Бұл жолы қалай болар екен?


«Екібастұз» - «Каспий»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Қарабаев Саят (Астана), Кадыров Жалғас, Мейірбаев Аслан (екеуі де Өскемен)

Қосымша төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда) 

Осы турдағы орталық матч. Екібастұз қаласында өте жақсы өнер көрсететін алаң иелері жанкүйерлердің қолдауымен алға ұмтылады. Тактикалық жағынан ондай футболшылар да баршылық. Алайда OLIMPBET QFL Премьер-лигадан үмітті «Каспийге» де ұпай жоғалтуға болмайды. Тіпті тең есептің өзі алдыңғы және көршілес клубтарды ұзатып алуға жол беруі мүмкін. Дәл қазіргі сәтте «Каспийге» тек қана қарсыластарын жеңіп, өзге көшбасшылардың ұпай жоғалтқаны маңызды. Теориялық тұрғыдан әлі де үміттерін жоғалтпаға «Екібастұз» ақтаулықтардың мақсатына қаншалықты кедергі бола алады екен?

 

«Қайрат-Жастар» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Аманкелдин Бекарыс (Орал), Құсайынов Исламхан (Атырау), Алимов Нұрсұлтан (Астана)

Қосымша төреші: Үсенов Досбол (Алматы)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

8 жеңіс сериясы тоқтаған «Қайрат-Жастар» клубы өте ашулы болуға тиіс. Енді өз алаңында сол жеңілістің орнын қалай да болсын толықтыруға тырысады. Кемі 2-3 гол соғатын алматылықтар кезекті рет ірі жеңісін тіркей алар ма екен. Соңғы көрсеткіштерге қарасақ, солай болатын секілді. Алаң иелері қандай құрам шығарса да, чемпиондық амбициядан әлі үміттерін үзе қоймады. Ал қонақтардың жағдайы мүлдем керісінше. Әр тур сайын тұрақты түрде жеңіліске ұшырап жатқан «Ақтөбе» жастарының басты қарсыластары ұзап барады. Енді 1XBET QFL Бірінші лигасында қалу үшін, тең есеп те жеткіліксіз. Шама-шарқы екі түрлі командалардың арасындағы кездесуден сенсациялық нәтиже күту өте қиын.

 

27 қыркүйек


SD Family – «Жетісай» 

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Sydykbek Arena стадионы (Астана қ.)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Проскуряков Илья (Өскемен), Ходотчук Андрей (Павлодар)

Қосымша төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал) 

Қос команда осы маусымда 2 мәрте кездесіп, «Жетісай» қарсыласынан қарағанда әлдеқайда көп соққы жасаған еді. Бірақ жеңіске деген құлшылық тең есепке де жеткіліксіз болды. Алдымен OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының плей-оффының соңғы минутында гол жіберсе, артынша өз үйінде бірінші мәрте есе жіберді. Бірақ ол кезде жағдай мүлдем басқаша еді. Өйткені қос клуб та OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдамасы үшін талас жүргізіп жатқан. Ал қазіргі сәтте тараптарға тек маусым аяқталса да жеткілікті. Себебі, ұшу қаупі жоқ, чемпион атануға ұпай арақашықтығы өте алшақ. Не дегенмен, Астана төрінде «Жетісай» реванш жасап, ащы жеңілістің есесін қайтара ала ма екен?


«Арыс» - «Ақжайық»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан (Қызылорда), Алмасқызы Мадина, Ыдырысова Динара (екеуі де Шымкент)

Қосымша төреші: Халилов Муродбек (Шымкент)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент) 

Көктемдегі су тасқынына байланысты «Ақжайық» - «Арыс» матчы кейінге шегеріліп еді. Енді сол ойында өткізудің реті тек осы дүйсенбіде ғана орайы келді. Араға 3 күн салып, командалар енді Арыс қаласында бас қосады. Ұшу аймағына жақын тұрған ұжымдардың бірінші айналымдағы матчы «Ақжайықың» камбэгімен аяқталып, жағдайын жақсартып алып еді. Ендігі жеңіс «Арыстың» кезегі ме? Әлде оралдықтар реваншқа келіспей, жеңіс сериясын арттыруға тырыса ма? 1 аптаның ішінде 3 матч өткізу «Арыс» клубына қиын соғуы әбден мүмкін. Өйткені «Ақжайық» OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы мен 1XBET QFL Лига кубогына да қатысып, тәжірибе жинаған болатын.


«Қайсар Жас» - «Ұлытау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Мортин Никита (Ақтөбе), Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.)

Қосымша төреші: Жантуғанов Еркен (Қызылорда)

Инспектор: Дюсенов Абай (Түркістан обл.)

Қызылорда қаласындағы стадион кімге болса да, оңайға соқпасы анық. Тіпті бабында деген «Каспийдің» өзі 1 сағаттан аса алаң иелерінің қақпасына гол соға алмады. Ал соңғы рет сырт алаңда сәтті ойнайтын «Алтайдың» өзі таза жеңілді. Турнир кестесінің төменгі жағында орналасса да, чемпиондыққа үмітті «Ұлытауға» 3 ұпай алу оңайға соға қоймас. 7 матч қатарынан жеңіп келе жатқан жезқазғандықтардың бір артықшылығы – өткен аптада демалып, тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік алды. Құрам сапында Жасұлан Молдақараев, Шыңғыс Флюк сынды сұрмергендері бар қонақтар да болмашы жерден қақпашыны қапы қалдыруы әбден мүмкін.