EN
KZ RU
02 October 2024 15:17
UBET LEAGUE

27-ші тур аңдатпасы: «Қайрат-Жастар» мен «Оқжетпес» өзара чемпиондықтың тағдырын анықтайды

02 October 2024 15:17

3-4 қазан күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 27-ші тур ойындары өтеді.

 

3 қазан

 

«Қайрат-Жастар» - «Оқжетпес»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Равдель Вячеслав (Орал), Нұрлан Әділет (Қаратау)

Қосымша төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау) 

1XBET QFL Бірінші лигасының 27-ші туры бірден орталық матчпен басталады. Алматы төрінде чемпиондыққа үмітті қос ұжым өзара мықтыны анықтамақ. «Оқжетпес» турнир кестесінде көш бастап тұрса да, сырт алаңда фаворит статусын әрдайым дәлелдей бермейді. Мысалы, олар соңғы рет Өскеменде «Алтайдан» 2:0 есебімен есе жіберген еді. Кіммен ойнаса да, көп гол соғатын «Қайрат-Жастар» командасының да жеңіске жетуі екіталай. Себебі, кейінгі екі турда 1 ғана ұпай еншіледі. Оның үстіне команда жастар арасындағы Чемпиондар лигасының қарымта матчын өткізетіндіктен, бірқатар көшбасшыларына сенім арта алмайды. Алайда кім алаңға шықса да, «Қайраттың» жейдесін абыроймен қорғап жатыр. Егер «Оқжетпес» бұл матчта ұпай жоғалтса, бірінші орыннан айырылып қалуы әбден мүмкін. Ал «Қайрат-Жастар» жеңіске жетпесе, тарихи чемпиондық атағы көзден бұлбұлдай ұшады.

 

«Ұлытау» - «Арыс»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Спорт-сауықтыру кешені (Сәтбаев қ.)

Төрешілер: Попов Сергей, Хамзин Дархан, Ташметов Фарходжан (барлығы Астана)

Қосымша төреші: Пучков Станислав (Петропавл)

Инспектор: Гаузер Александр (Петропавл)

8 матч бойы қарсыласын жеңіп келе жатқан «Ұлытау» турнир кестесінде ақырындап жоғарлап келеді. Осы турда басты бәсекелестері өзара жолығатындықтан, жезқазғандықтардың бірінші орынға көтерілу ықтималдығы жоғары. 5 матч бойы гол соққан Жасұлан Молдақараевтың тиімді шабуылы әзірше өз жемісін беріп тұр. Қағаз жүзінде алаң иелері айқын фаворит болғанымен, «Арысты» да менсінбеуге болмайды. Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмай жүргенімен, қонақтардың фавориттермен мықты ойнағанына бірнеше рет куә болдық. Осы жолы сенсация қайталана ма екен? Әлде «Ұлытау» OLIMPBET QFL Премьер-лигаға сенімді қадамын жалғастыра ма?

 

«Ақтөбе Ж» - «Қайсар Жас» 

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Дышкант Николай (Талдықорған), Волков Артем (Атырау), Оразбеков Айдос (Алматы)

Қосымша төреші: Онғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Қызылордалықтар турнир кестесінде 13-ші орында тұрса да,«Ақтөбе» жастарынан 7 ғана ұпай озып тұр. Бұл матч қос командаға өте маңызды. Егер қонақтар жеңіске жетсе, келесі маусымда 1XBET QFL Бірінші лигада жарысты жалғастырды. Ал алаң иелерін тек қана 3 ұпай ғана қанағаттандырады. Турнирдің аяқталуына 4 тур қалғандығын ескерсек, «Ақтөбе» жастары 4 ұпай алшақтығын жылдам арада қысқартуы тиіс. Өткен турда Алматыда басты фавориттің бірімен тең түскен ақтөбеліктердің жеңіске жетуге мүмкіндігі де мол. Оған «Қайсар Жастың» сырт алаңда дұрыстап ойнау алмауы да әсерін тигізеді. Бірінші айналымда қызылордалықтар жеңіске жеткен болатын. Енді реванш қайтарып, 1XBET QFL Бірінші лигада қалудың амалы жасала ма екен? Әлде қонақтар тағы да 3 ұпай ала ма?

 

«Түркістан» - «Жетісай»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат, Ташметов Сардар (екеуі де Шымкент), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.)

Қосымша төреші: Мұсалы Сейітмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

Ойын тұрғысынан қызықты кездесулердің бірі. Қос клуб та шабуыл шебінде доп тепкенді ұнатады. «Жетісай» OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шыға алмайтындықтан, мотивациясы айтарлықтай жоғары емес. Ал алаң иелері өткен турда Өскеменде «Алтайды» 1:3 есебімен жеңіп кетіп, сырт алаңда алғаш рет 3 ұпайды еншіледі. Бұл маңызды жеңіс түркістандықтарға сенімділікті арттыруға тиіс. Әр матчта міндетті түрде гол соғатын алаң иелері 1XBET QFL Бірінші лигасында қалу үшін, бір жеңіс жеткілікті. Алдыңғы шепте өте мықты футболшылар жинақталған «Түркістан» өз жанкүйерлерінің алдында қуаныш сыйлап, алғашқы айналымдағы ірі жеңіліске жауап беруге тырысатындары анық.

 

«Каспий» - «Ақжайық»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Субботин Максим (Талдықорған)

Қосымша төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз) 

Өткен турда ащы жеңіліске ұшыраған «Каспий» клубының ендігі тағдыры «Оқжетпес» пен «Ұлытаудың» ұпай жоғалтуына тікелей қатысты болмақ. Маусымның аяқталуына 4 тур ғана қалса да, әлі OLIMPBET QFL Премьер-лиганың жолдама иегері анықталмады. Оның үстіне қысым жоғары болғандықтан, кез келген клуб ойда-жоқта ұпайдан шығаруы мүмкін. Алаң иелерінің жеңісіне ешкім күмәнданбауы тиіс. «Ақжайық» клубы 3 жеңіс сериясымен келсе де, басты мақсаттары 1XBET QFL Бірінші лигасында қалу жоспары орындалды. Қорғаныс шебінде айтарлықтай мәселесі бар оралдықтардың кезекті рет қақпасын дін-аман сақтап қалатынына сену өте қиын.

 

4 қазан

 

«Хан-Тәңірі» – «Алтай»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Талапкеров Нариман (Орал), Мыңбаев Әлішер (Қаратау), Сайдулаев Мансұр (Қарағанды)

Қосымша төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Дүйсенов Абай (Түркістан)

Алматылықтардың OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығу мүмкіндігі төмен болса да, үміттерін әлі жоғалтпай, тұрақты түрде ұпайларын алуда. Сапында Диас Қалыбаев сынды сұрмергені және Андрей Пасеченко секілді сенімді қақпашысы бар «Хан-Тәңірі» жеңісті сериясын жалғастыруы керек. Оған мотивациясы жоқ «Алтайдың» да соңғы матчтары әсер етуде. Олар өз алаңында «Түркістанмен» кездессе де, орынсыз қателіктерге жол берді. Сырт алаңда жақсы өнер көрсеткенімен, «Алтайдың» сәтсіздігі тағы да жалғасып қалуы мүмкін.

 

SD Family - «Екібастұз» 

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавловл), Жанпейіс Ермек (Алматы), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосымша төреші: Әлімов Нұрсұлтан (Астана)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

«Екібастұздың» теориялық тұрғыдан OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығу мүмкіндігі сақталғанымен, шығуы екіталай. Өткен турда «Каспийді» жеңіп кеткен екібастұздар тағы да жарқын ойын үлгісін ұсынатын шығар. Бірінші айналымда «Екібастұз» 4:2 есебімен басым түскен еді. Енді алаң иелері реванш жасауы тиіс. Турнирлік кестеде ешқандай мотивациясы жоқ болғанымен, SD Family-ді оңай сызып тастауға болмайды. Диас Орынбасар, Темірлан Ағыманов және т.б футболшылар бастаған қонақттар жеңісті сериясын жалғастыруға шамалары жете қояр ма екен?