EN
KZ RU
19 June 2024 23:16
OLIMPBET CUP

«Атырау» мен «Ақтөбе» OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогының финалында кездеседі

19 June 2024 23:16

Бүгін OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы жартылай финалының қарымта матчтары өтіп, финалистер анықталды.

 

«Атырау» – «Тобыл» - 4:0

Голдар: Николай Сигневич, 18 минут (1:0), Якоб Новак, 41 минут (2:0), Николай Сигневич, 53 минут (3:0), Ринат Жұматов, 90+8 минут (4:0)

Бірінші матч: 0:1

Кубоктық бәсекеде өте мықты ойнайтын «Атырау» тағы да мықты екендіктерін дәлелдеді. Себебі, олар 2017, 2018, 2019 жылдары қатарынан кубоктың финалына шығып, есе жіберген еді. Осы жолы да алдарында азулы қарсылас болғанымен, қостанайлықтардан еш қаймығып қалмады. Өз алаңдарында «Атырау» бірінші таймда-ақ алғашқы кездесудегі жеңілістің есесін қайтарып, финалға шығуға лайық екендіктерін көрсетті. Енді «Атырау» былтыр 1/8 финалда пенальти сериясымен басым түскен «Ақтөбемен» өзара мықтыны анықтамақ.

 

«Елімай» – «Ақтөбе» - 2:1

Голдар: Максим Самородов, 36 минут (0:1), Роман Мұртазаев, 51 минут (1:1), Дмитрий Шомко, 59 минут (2:1)

Алаңнан қуылған: Габи Кики («Ақтөбе»), 58 минут

Бірінші матч: 0:2

Бір айдың ішінде 3 рет кездескен ұжымдар барлығында жанкүйерлердің іштерін пыстырмады. Семейде әдеттегідей жанкүйерлерді соңғы минутқа дейін қысымда ұстады. 3 матчта да «Ақтөбе» есеп ашып, жалпы қорытынды бойынша өз пайдасына жазды. Қонақтардың үздігі Максим Самородов та шешуші сәтте командасын алға сүйреп, 10 жылдан кейін «Ақтөбені» финалға шығарды. Алаң иелері 1 сағаттың ішінде алға шыққанымен, соңғы секундқа дейін матчты овертаймға ұластыруға шамалары жетпеді.

 

OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогының финалдық ойыны 29 қыркүйек күні өтеді.