EN
KZ RU
18 June 2024 16:09
OLIMPBET CUP

Қазақстан Кубогы: финалға кім шығады?

18 June 2024 16:09

19 маусым күні OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы жартылай финалының қарымта ойындары өтеді. Әзірше «Ақтөбе» мен «Тобылдың» басымдығы бар. Бірақ алдағы кездесулерде алаң иелері лайықты қарсылық көрсете ала ма?

 

«Атырау» – «Тобыл»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Васютин Сергей, Тергеусізов Самат (екеуі де Алматы)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосалқы төреші: Султанғалиев Руслан (Атырау)

Инспектор: Горда Александр (Көкшетау)

Үш аптадай ғана уақыт өткенімен, «Тобыл» қарымта матчқа бас бапкердің міндетін атқарушы Нұрбол Жұмасқалиевпен бастап барады. Алғашқы матчта 1:0 есебімен қостанайлықтар басым түскенімен, финалға кім өтетіндігі әлі белгісіз. «Атырау» сол жеңілістен соң, OLIMPBET QFL Премьер-лигада өз қақпаларына доп жібермей, екі мәрте жеңіске жетті. Оның үстіне Атырау қаласының стадионы, жанкүйерлері қосымша күш болатыны анық. Әрі бас бапкер де OLIMPBET QFL Қазақстан кубогын жеңу маңызды деп сұхбат берген еді. Кім жеңеді? Барлығына ертең куә боламыз.

 

«Елімай» – «Ақтөбе»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Бельский Евгений, Филоненко Дмитрий (екеуі де Тараз)

VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

Жексенбі күні OLIMPBET QFL Премьер-лига аясындағы матч көпшіліктің көңіліңен шығып, Семей жұртшылығына 90 минуттық спектакль сыйлап еді. Сол ойында «Елімай» өздерінен тәжірибелі «Ақтөбеден» еш тайсалмай, соңына дейін иық тірестіргенін көрдік. Бірақ OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының қарымта матчында қонақтар анық фаворит. Бұған тек бірінші кездесудегі 2 доп басымдығын ғана ескеруге болмайды. Егер «Елімайдың» осы маусымдағы матчтарына назар аударсаңыз, тек Лига кубогында ғана «Тұранды» 3 доппен жеңген. Ал өзге ойындарда семейліктердің соңғы минуттарда жеңісті жұлып алу немесе тең түсу секілді нәтижелерін көрдік. Ал «Ақтөбеге» қарсы тек қана жеңу емес, кем дегенде 2 доп басым болу керек. Бұл алаң қожайындарының қолынан келе қояр ма екен?

 

OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогы жартылай финалының қарымта ойындарын жіберіп алманыздар!