EN
KZ RU
10 August 2024 08:23
1XBET КУБОК ЛИГИ

Финалға алғашқы қадам: «Жеңіс» сенсациясын жалғастыра ма?

10 August 2024 08:23

10-11 тамыз күндері аралығында 1XBET QFL Лига Кубогының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтеді.

 

10 тамыз

 

«Жеңіс» - «Қайрат»

Уақыты: 18:00        

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Бейжанов Рустам (Петропавл), Русяев Алексей (Қарағанды)

VAR төреші: Затула Александр (Өскемен)

АVAR төреші: Панин Максим (Қостанай)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

Бұл жұпта «Қайрат» клубының айқын фаворит екендігі түсінікті. Осы маусымда клубтар 2 мәрте жолығып, алматылықтар бір мәрте жеңіп, бір рет тең тарқасты. Алайда «Жеңіс» 180 минутта 2 ғана дәл соққы жасап, 1 гол соғып кетті. Ал «Қайрат» үшін 3 гол соғуға 21 дәл соққы қажет болды. OLIMPBET QFL Премьер-лигасы аясындағы тең ойын «сары-қаралардың» шамына тиді. Сондықтан сол есесін қайтару үшін барын салады. Әзірше қонақтар үшін осы маусымдағы Қарағанды стадионы өте жайлы болып тұр. Егер бұл ұжым өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланса, «Жеңісті» де айналып өтері анық.

«Жеңіс» - шілде айындағы трансфер кезеңінде ең көп өзгеріс жасаған клуб. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының турнир кестесінде көш соңында келе жатса да, 1XBET QFL Лига кубогында өздерін мықты тұсынан көрсете алды. Тіпті Ақтөбедегі топтық кезеңнің шешуші ойынында да «Жеңіс» 90 минут бойы қарсыласқа шыдас беріп, жартылай финалға өте алды. Қағаз жүзінде аутсайдер. Бірақ футболда үнемі фавориттердің басым түсе бермейтіндігімен де қызық.

 

11 тамыз

 

«Елімай» - «Астана»

Уақыты: 20:00        

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы, Q Football мобильді қосымшасы, QFootball.kz пен QFL.KZ сайттары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Долгих Алексей, Кольев Евгений (екеуі де Павлодар)

VAR төреші: Ноженко Сергей (Талдықорған)

АVAR төреші: Карлов Евгений (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Горда Александр (Көкшетау)

Жартылай финалдағы керемет жұп. OLIMPBET QFL Премьер-лигасы барысында да қос ұжым көрермендерге 90 минуттық спектакль сыйлаған. Алайда осы жолы алаң иелеірінің сәл басымдығы бар. Бұл ұжымның «Спартак» стадионында жеңілмейтіндігінен бөлек, «Астана» Румыниядағы еурокубок матчынан тікелей бармақ. Бұл футболшылардың физикалық дайындығына қаншалықты әсерін тигізеді екен? Әлде қосалқы құрамдағы ойыншылар шыдас беріп, барлық күшін Алматыдағы қарымта матчқа сақтайды ма екен? Барлығын алдағы демалыс күні көретін боламыз.

«Астана» - бұған дейін де Еурокубоктың алдында «Шахтермен» қиын кездесу өткізіп, 2:4 есебімен басым түсті. Тіпті «Милсамиге» қарсы жауапты ойыннан кейін де «Тұраннан» айласын асырды.

«Елімай» - трансфер кезінде бірнеше негізгі ойыншыларымен қоштасты. Олардың орнын алмастырған футболшылар бірден ойынға араласып кете ала ма? Әзірше семейліктер чемпионатта жарқын ойын өрнегімен қуанта алмауда.

 

1XBET QFL Лига кубогының жартылай финал ойындарын өткізіп алмаңыздар!