EN
KZ RU
19 September 2024 09:00
OLIMPBET PREMIER LEAGUE

Ислам Чесноков пен Андрей Карпович тамыз айының үздіктері атанды

19 September 2024 09:00
Qazaqstan Football League 2024 жылдың тамыз айы бойынша OLIMPBET QFL Премьер-лигасындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. «Үздік ойыншы» номинациясы турнир қатысушыларының капитандары мен бапкерлерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Сондай-ақ бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» номинациясы иегерінің жеңімпазын таңдады. 

Тамыз айының үздік ойыншысы ретінде «Тобыл» клубының сұрмергені Ислам Чесноков танылды. Ол өткен айда қостанайлықтар сапында барлық матчқа қатысып, 4 гол соқты. Қазіргі сәтте 24 жастағы футболшы  OLIMPBET QFL Премьер-лигасының сұрмергендер тізімінде топ бастап келеді. Ал тамыз айындағы үздік бапкер атағы 43 жастағы Андрей Карповичке бұйырды. Оның баптауымен «Елімай» клубы тамыз айындағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!