EN
KZ RU
12 July 2024 12:18
SECOND LEAGUE

Мамыр айының үздіктері: QFL Екінші лигасында кім көп дауыс жинады?

12 July 2024 12:18
Qazaqstan Football League 2024 жылдың мамыр айындағы QFL Екінші лиганың үздік ойыншылары мен бапкерлерін назарыңызға ұсынады. Айта кетейік, үздіктер турнирға қатысушы командалардың бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды.

«Оңтүстік-Батыс» конференциясында мамыр айының үздік футболшысы ретінде AKAS клубының сұрмергені, 37 жастағы Сергей Гридин танылды. Ол команданың барлық 4 ойынына қатысып, 6 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Дәл қазіргі сәтте Гридин QFL Екінші лигасында 15 голмен сенімді түрде көш бастап келеді. Алматылық клуб та турнир кестесінде өзгелерден оқ бойы озып тұр. Ал үздік бапкер атағы «Мақтаарал» клубының жаттықтырушысы Руслан Эсатовқа бұйырды. Ол 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында мамыр айындағы үздік футболшысы атағына «Шахтер Ж» командасының шабуылшысы Шыңғыс Флюк иелік етті. 22 жастағы сұрмерген тек топ басындағы орынын сақтауға көмектесіп қана қоймай, OLIMPBET QFL Премьер-лигасында да «Шахтер» сапында бірнеше рет алаңға шықты. Айта кетейік, Шыңғыс Флюк, Сергей Гридин, және Руслан Эсатов сәуір айында да үздік деп танылған болатын. 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында үздік бапкер атағын «Тобыл Ж» командасын тізгіндейтін Виталий Старновский жеңіп алды. Қостанайлықтар мамыр айында 5 ойынның үшеуінде қарсыласынан басым түскен еді. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!