EN
KZ RU
09 July 2024 13:23
SECOND LEAGUE

QFL Екінші лигасының бірінші айналымы қалай өтті?

09 July 2024 13:23

Өткен аптада QFL Екінші лигасының 11 туры өтіп, турнир бел ортасына келді. Қазіргі таңда турнирде AKAS пен «Шахтер Ж» командалары көш бастап тұр. Осы орайда сіздерге бірінші айналымның көрсеткіштерін ұсынамыз.

 

«Оңтүстік-Батыс» конференциясы

 

- Алматылық «AKAS» клубы 7 тур қатарынан жеңіске жетіп, 28 ұпаймен топ бастап келеді. 29 гол соққан «Оңтүстік» 20 ұпаймен екінші орында тұрса, 1 ойын кем өткізген «Мақтаарал» мен «Қайсар-Шиелі» 3-4 орынды бөлісуде.

- Бірінші айналымда 21 дәл соққы жасаған AKAS сұрмергені Сергей Гридин 13 голмен бірінші орында келеді. Қазақстан құрамасының экс-футболшысы 10 тур қатарынан қанжығасын майлады.

- Ең көп 38 соққыны «Тұран Ж» қақпашысы Баймұхан Хабибулло қайтарды. Алайда өз қақпасына 28 гол өткізіп алды.

- Бірінші айналымның қорытындысы бойынша, 600 сары қағаз, 49 қызыл қағаз көрсетілді. Оның ішінде «Іле-Алатауға» 40 ескерту беріліп, 2 ойыншысы алаңнан қуылды.

- Аcылжан Бұлғақбаев (AKAS) пен Нұрдәулет Алпысбековке («Тараз Ж») 5 сары қағаз көрсетілді.

- Ең көп 1037 мәрте допқа таласта жеңіске жеткен команда – «Оңтүстік». Бірақ «Тараз Ж» футболшысы Нұршапағат Мұхамодиев допқа таласта өзгелерден (138 мәрте) басым түскен.

- Ең көп 245 рет сәтті дриблинг жасаған клуб – «Оңтүстік»

- Жалпы 37 мәрте пенальти белгіленіп, 31-і сәтті орындалған. «Қайсар-Шиелінің» пайдасына 5 пенальти берілсе де, оның екеуін ғана сәтті қолданды. Ал «Оңтүстік» барлық 5 пенальти сәтті орындады.

- Ең көп 86% (551) дәл пас берген футболшы – Әли Тұрғанов («Оңтүстік»)

 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясы

 

- «Шахтер Ж» ең көп 33 гол соқса да, екінші орындағы «Ертістен» 3 қана ұпай озып тұр. Ал гол соғу көрсеткіші бойынша 15-ші орындағы «Астана Ж» турнир кестесінің үштігін түйіндеді.

- Бірінші айналымда 11 дәл соққы бағыттаған «Шахтер Ж» шабуылшысы Шыңғыс Флюк оның 10-ын голға айналдырды. Қазіргі сәтте футболшы 1XBET QFL Бірінші лигадағы «Ұлытауға» ауысып кетті.

- Ең көп 33 соққыны «Жеңіс Ж» қақпашысы Әлішер Сүлеймен қайтарды. Қақпасына 16 гол жіберді.

- 2 шілде күні «Ертіс» – «Ақсу» матчына ең көп 8 000 жанкүйер жиналды.

- «Астана Ж» командасына ең көп 30 сары қағаз көрсетіліп, 3 футболшы алаңды мерзімінен бұрын босатты.

- «Қызылжар Ж» футболшысы Акрам Оруджевке 5 сары қағаз және 1 қызыл қағаз көрсетілді.

- Ең көп 1226 мәрте допқа таласта жеңіске жететін команда – «Елімай Ж». Команда сапындағы Асан Байғалиев ең көп 191 рет допқа таласта басым түскен.

- Ең көп 237 рет сәтті дриблинг жасаған клуб – «Тобыл Ж»

- «Алтай Ж» командасы ең көп 4 пенальти тепті.

- Ең көп 90% (614) дәл пас берген футболшы – Бекзат Минайдаров («Тобыл Ж»).

 

Айта кетейік, QFL Екінші лигасының 12-ші тур ойындары 9-10 шілде күндері өтеді.