KZ
KZ RU
22 маусым 2024 12:00
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

12-ші тур: «Атырау» мен «Тобыл» тағы да кездеседі

22 маусым 2024 12:00

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 12-ші турында бірнеше күн бұрын ғана OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жартылай финалында жолыққан «Атырау» мен «Тобыл» қайта күш сынасады.

 

22 маусым

 

«Жетісу» - «Қайсар»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Қарабаев Саят (Астана), Будниченко Дмитрий (Экибастуз), Быстров Дмитрий (Сарань)

VAR төрешісі: Ткачев Кирилл (Алматы)

AVAR төрешісі: Белоградов Дмитрий (Павлодар)

Қосалқы төреші: Ноженко Сергей (Талдықорған)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

12-ші турдың бірінші ойыны Талдықорғанда басталады. Командалар турнир кестесінің 7-8-орындарында келе жатқанымен, бұл матч тартысқа толы болады. Себебі, «Жетісу» өз алаңында 5 матч бойы есе жібермесе, «Қайсардың» OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы жеңіліссіз сериясы 7 матчқа жетті. Былтырғы кездесуде қызылордалықтардың мерейі үстем болған еді. Осы жолы кімнің жолы болар екен?

 

«Қызылжар» - «Астана»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Жүсіпов Амангелді (Тараз), Мыңбаев Әлішер (Қаратау)

VAR төрешісі: Затула Александр (Өскемен)

AVAR төрешісі: Филоненко Дмитрий (Тараз)

Қосалқы төреші: Никлевич Владимир (Петропавл)

Инспектор: Заякин Виктор (Семей)

Командалар маусымды сәтті бастағанымен, қазір қос ұжым да жеңістің дәмін сәуір айынан бері сезе алмай жатыр. Кесірінен клубтар турнир кестесінің екінші бөлігінде тұр. Қайсыбір клубтың жеңісі тығырықтан шығуға жол ашуы мүмкін. Бірақ «Қызылжар» өз алаңында оңайшылықпен жеңіле қоймасы анық.

 

23 маусым

 

«Атырау» - «Тобыл»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Тевяшов Денис (Орал), Долгих Алексей (Павлодар), Виноградов Денис (Петропавл)

VAR төрешісі: Московченко Григорий (Павлодар)

AVAR төрешісі: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау)

Инспектор: Хисамутдинов Игорь (Павлодар)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының жауапты матчынан кейін футболшылар аптап ыстықта қайта жолығады. «Тобылдың» өкінішіне қарай, олар сырт алаңда атыраулықтарға жеңіліп келеді. Оның үстіне «Атырау» OLIMPBET QFL Премьер-лигада соңғы рет мамыр айының басында «Қайраттан» гол жіберген еді. Енді Нұрбол Жұмасқалиев өткен қателігін түзеу үшін, OLIMPBET QFL Премьер-лигада барын салады. Алаң иелері кезекті рет жеңіске жетсе, турнир кестесінде 3 әлде 4-орынға көтеріледі.

 

«Жеңіс» - «Ордабасы»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Омаров Рустам (Алматы), Филатов Иван (Сарань), Панин Максим (Костанай)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Лесив Станислав (Семей)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Дузмамбетов Руслан (Өскемен)

«Жеңіс» өткен турда 3 ұпай алуға жақын болғанымен, соңғы минуттарда қақпасын аман алып қала алмады. Енді олар топ басындағы «Ордабасыны» қабылдамақ. Ел чемпиондары ақырындап өз баптарына еніп келеді. Сонымен қатар, шымкенттіктер әлі сырт алаңда қарсыласқа жол бермеді. Шеберлік деңгейі рөл ойнай ма екен? Әлде жаңа бас бапкер көшбасшының кілтін таба ала ма?

 

«Ақтөбе» - «Шахтер»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Sport+ Qazaqstan телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Кучма Антон (Көкшетау), Ахметов Азамат, Айжігітов Ғалымжан (екеуі де Қызылорда)

VAR төрешісі: Чеховский Георгий (Астана)

AVAR төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Цареградский Сергей (Алматы)

Қобыланды батыр стадионында «Ақтөбе» сөзсіз фаворит. Қарағандылықтар болса, әлі күнге дейін сырт алаңда бірде-бір ұпай ала алмады. Дегенмен, алаң иелері OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы жартылай финалының қарымта матчында өте ауыр ойын өткізді. Футболшылардың физикалық қуаты бұл матчқа жетер ме екен? Бәлкім, «Ақтөбе» минималды есеппен ғана басым түсуі мүмкін.

 

«Тұран» - «Елімай»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Тұрсымбаев Тимур, Навроцкий Иван (екеуі де Астана)

VAR төрешісі: Тасыбаев Айдын (Астана)

AVAR төрешісі: Мағау Наргис (Алматы)

Қосалқы төреші: Мұсалы Сейтмағзум (Түркістан обл.)

Инспектор: Доскеев Нұржан (Алматы)

Түркістан облысының ұжымы екінші турда тек «Қайратпен» тең түскені болмаса, өз стадионында жеңіске жете қоймады. Кезекте тағы бір азулы қарсылас. Алайда осы күнге дейінгі матчтардың барлығында «Тұран» фавориттерге оңайшылықпен ұпай бере қоймады. Тіпті «Ақтөбеге» қарсы кездесуде жеңіске жақын болды. Букмекерлер семейліктерді фаворит ретінде санағанымен, сенсация тіркеліп қалуы да ғажап емес.