KZ
KZ RU
26 маусым 2024 13:16
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

13-ші тур: «Хан-Тәңірі» клубын кезекті сынақ күтіп тұр

26 маусым 2024 13:16

27-28 маусым күндері өтетін 1XBET QFL Бірінші лиганың 13-ші турында «Хан-Тәңірі» кезекті рет қонаққа барса, көшбасшы «Жетісай» 4 матч бойы жеңіп келе жатқан «Алтайдың» күшін тексеріп көрмек.


27 маусым


«Ақжайық» - «Оқжетпес»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Мортин Никита (Ақтөбе), Вахитов Ернар (Қостанай)

Қосалқы төреші: Талапкеров Нариман (Орал)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Маусым айында көкшетаулықтар «Екібастұз», «Каспий» секілді өте қиын қарсыластарды жеңсе де, турнир аутсайдері «Ақтөбе Ж» командасына әрең гол соқты. Сондықтан осы маусымда өз стадионында әлі жеңіске жетпесе де, «Ақжайықты» есептен шығарып тастауға болмайды. Қос ұжым бұған дейін 2017 жылы Премьер-лигада кездесіп, оралдықтар 2:0 есебімен басым түскен.


«Қайрат-Жастар» - «Екібастұз»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Дышкант Николай, Стасенко Виктор, Субботин Максим (бәрі Талдықорған) 

Қосалқы төреші: Ахметов Алмаз (Алматы)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

Осы турдағы қызықты матчтардың бірі. Алматы жерінде «Қайрат-Жастар» ешкімге оңайлықпен есе жібермейді. Енді оларға қарсы бірнеше футболшысы Премьер-лигада доп тепкен «Екібастұз» қонаққа келеді. Алайда екібастұздықтар сырт алаңдағы кейінгі 2 матчта ұпай ала алмаған еді. Бірақ соңғы матчында олар SD Family клубынан басым түсіп, сәтсіздік сериясын тоқтатқан болатын.


«Каспий» - «Түркістан»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан, Арынханов Нұрдәулет (екеуі де Алматы), Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент)

Қосалқы төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Богданов Олег (Семей)

«Каспий» өз алаңында бірінші рет түркістандықтарды қабылдайды. Кімнің фаворит екендігі айтпаса да түсінікті. «Түркістан» биыл сырт алаңда 1 ғана ұпай еншілеген. Оның үстіне түзде ең көп 20 гол жіберген.


«Тараз» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Сейдахметов Жақсылық (Талдықорған), Ескенов Нұрсұлтан (Астана), Жанпейіс Ермек (Алматы)

Қосалқы төреші: Нұрдинов Рамазан (Тараз)

Инспектор: Попов Андрей (Павлодар)

Бір жеңіп, бір жеңіліп жүрсе де, «Тараз» футболшылары турнир кестесінде ТОП-5 команданың ішіне кіріп тұр. Енді өз стадионында ұпай жоғалтпасы түсінікті. Себебі, ақтөбеліктер 7 матч бойы қарсыластарына ұпай үлестіріп келеді. Таразда өткен былтырғы матч 7:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілген.


28 маусым


«Арыс» - «Ұлытау»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан (Қызылорда), Ташметов Сардар (Шымкент), Нұрлан Әділет (Қаратау)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

«Арыс» 4 матч бойы жеңіліп жатса да, әр қарсыласына лайықты қарсылық танытты. Тіпті соңғы сәтке дейін сырт алаңда «Жетісайды» жеңіп тұрды. Тек соңғы минуттағы босаңсу салдарынан ұпай беріп қойды. Алдағы ойында алаң иелері аутсайдер болғанымен, «Ұлытауға» да 3 ұпай алу оңайшылыққа соқпайды.


«Алтай» - «Жетісай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Восток» (Өскемен)

Төрешілер: Вишняков Дмитрий (Семей), Бектұров Әлібек, Дышкант Дмитрий (екеуі де Талдықорған)

Қосалқы төреші: Мейірбаев Асылан (Өскемен)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Бірнеше тур бұрын соңғы орында тұрған «Алтай» бірнеше жеңістен кейін 10-орынға көтерілді. Бірақ осы жолы оңай болмасы анық. Ендігі қарсылас - турнир көшбасшысы «Жетісай». QFL Екінші лигадан келген ұжымдардың арасындағы теке-тірес осы турдағы басты ойын болмақ.


SD Family – «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Равдель Вячеслав (Орал), Қадыров Жалғас (Өскемен)

Қосалқы төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Жеңіліссіз сериясы 8 ойынға созылған «Хан-Тәңірін» кезекті рет ауыр сынақ күтіп тұр. Себебі, астаналықтар өз жерінде кез келген клубқа қарсылық танытады. Кімнің бағы үстем болар екен?