KZ
KZ RU
03 шілде 2024 12:40
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

14-ші тур: «Ұлытау» ыңғайсыз қарсыластан айласын асыра ала ма?

03 шілде 2024 12:40

3-5 шілде күндері өтетін 1ХВЕТ QFL Бірінші лиганың кезекті турында «Ұлытау» клубы өз жерінде 6 матч бойы жеңіліссіз келе жатқан «Алтайды» қабылдайды.

 

3 шілде

 

«Ақтөбе Ж» - «Каспий»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Аликулов Ержан (Түркістан обл.), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

Өз алаңында ең көп гол жіберген «Ақтөбе Ж» ұжымы 8 матч бойы жеңіліс сериясын жалғастырып келеді. Кейінгі ойындарда қақпашы барлық қауіпті соққыларды батыл қайтарғанымен, тең ұпай үшін жеткіліксіз болуда. Турнир көшбасшысына да қарсы тұра алатынына күмәніміз бар.

 

«Ақжайық» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Бөкенов Аскар (Павлодар), Ахвердиев Акбар (Саран), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосалқы төреші: Аманкелді Бекарыс (Орал)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

Өткен турда «Ақжайық» көкшетаулықтарды бір сағат бойы қысқанымен, сол күйі гол соға алмай кеткен еді. Көш соңында келе жатса да, өз үйінде ұпайлықты оңайлықпен бермейді. Турнирде ең көп гол соққан «Қайрат-Жастар» өз алаңында қарсыласынан бір бас жоғары болғанымен, сырт алаңда 2 кездесу бойы ұпай ала алмады. Алматылықтар 6-шы орында тұрғанымен, көшбасшыдан 4 қана ұпай қалып тұр.

 

4 шілде

 

«Хан-Тәңірі» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Ташметов Фарходжон (Астана), Азиева Рамиля (Ақтау)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Перемитин Александр (Астана)

«Қайсар Жас» командасы екінші рет қатарынан Алматыға бет бұрады. «Қайрат-Жастардан» ойсырай жеңілген қызылордалықтарға енді ТОП-3-тұрған «Хан-Тәңірінен» абай болуы қажет. Өткен кездесуде астаналықтарға таза жеңілген «Хан-Тәңірі» бірінші орынға көтерілу мүмкіндігінен айырылған болатын. Енді кеткен есені өз алаңында қалайда қайтаруы тиіс.

 

«Түркістан» - «Оқжетпес»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Ахметов Алмаз (Алматы), Бисекенов Әлім (Ақтөбе), Оразбеков Айдос (Алматы)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Мұрзабеков Мирамбек (Қызылорда)

Маусым өте сәтті өткеріп, 4 кездесуде қатарынан жеңген «Оқжетпес» бірден фавориттердің қатарына қосылды. Сырт алаңдағы сәтсіздігіне де нүкте қойылғандай. Себебі, кейінгі түздегі 2 ойында 2:0 есебімен жеңді. Тек Оралда голдарды соңғы минуттарға дейін күтуге тура келді. Өкінішке қарай, маусымды сәтсіз өткеріп келе жатқан «Түркістан» ұпай алу қиынға түсуде.

 

«Ұлытау» - «Алтай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен, Жалғас Кенжебек, Тәңібергенұлы Нұрсат (барлығы Қызылорда)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

2 тур бұрын өз алаңында «Хан-Тәңірінен» жеңілген жезқазғандықтар көшбасшыларды ұзатып алғандай көрінген. Бірақ өткен турда алматылықтар мен «Жетісай» ұпай жоғалтты. OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығу үміті әлі бар. Бірақ «Ұлытауға» ұпай жоғалтпауы тиіс. Алайда Вахид Масудов баптайтын «Алтай» да жеңілмей келе жатқанына 6 кездесу болды. Кімнің мерейі үстем болар екен?

 

5 шілде

 

«Жетісай» - SD Family

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат, Алмасқызы Мәдина, Ыдырысова Динара (барлығы Шымкент)

Қосалқы төреші: Мұсалы Сейтмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Жетісай қаласындағы теке-тірестің орны бөлек. Өйткені маусым басында командалар OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының плей-оффында жолығып, соңғы минуттағы қақпашының өрескел қателігінен SD Family келесі айналымға өткен болатын. Сол ащы жеңілістің кездейсоқ екендігін «Жетісай» дәлелдеуі тиіс. Өз алаңында өте мықты ойнайтын жетісайлықтарға SD Family қаншалықты қауқар көрсете алар екен?

 

«Екібастұз» - «Арыс»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Қумашев Тимур (Астана), Шыңғысов Ерболат (Орал), Шепелев Владимир (Саран)

Қосалқы төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Қос ұжым да маусымды сәтсіз өткеріп келе жатыр. Бірақ «Екібастұз» өз алаңында фаворит екендігі сөзсіз. 2 тур бұрын SD Family-дан 4:2 есебімен басым түсіп, жарқын ойынымен жанкүйерлерді қуантқан екібастұздықтар Алматы төрінде «Қайрат-Жастардан» жеңілген болатын. Сол жеңіліс «Екібастұзды» одан әрі турнир кестесіндегі орынына әсер етті. Енді ұпай жоғалтса, 10-шы орындағы «Алтайдың» да қуып жетуі ықтимал.