KZ
KZ RU
22 мамыр 2024 11:11
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

8-ші тур: «Ұлытаудың» жеңіс сериясы жалғаса ма?

22 мамыр 2024 11:11

22-24 мамыр күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы 8-ші туры 3 күнге созылады. Себебі, алдағы демалыста «Каспий», «Тараз», «Ақжайық» клубтары жаңадан ұйымдастырылатын 1XBET QFL Лига Кубогында бақ сынайды.

 

22 мамыр

 

«Ақжайық» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Петр Атоян атындағы стадион (Орал қ.)

Төрешілер: Қумашев Тимур (Астана), Волков Артем, Быков Антон (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: Талапкеров Нариман (Орал)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

1XBET QFL Бірінші лигада ең көп шабуылдайтын клубтың бірі – «Ақжайық». Кейінгі 3 матчта 50 соққы бағыттаса да, небәрі 4 гол ғана соға алды. Екінші апта қатарынан Оралда кездесуін өткізетін «Ақжайыққа» нәтижелілік маңызды болып тұр. Салыстырмалы түрде қос команда да 6 гол соққанымен, турнир кестесіндегі орындарында едәуір айырмашылық бар. «Хан-Тәңірінің» гол жібермейтін сериясы қаншалықты ұзаққа созылады екен?

 

«Каспий» - SD Family

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Тевяшов Денис, Ысқақов Темірбек (екеуі де Орал), Шепелев Владимир (Саран)

Қосалқы төреші: Ыдырысов Сағадат (Ақтау)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Үш кездесу бойы ұпайдан шашау шығармаған SD Family кезекті сынаққа төтеп бере ала ма? Алматылықтар тіпті фавориттерден қарағанда көп гол соққан. 42 жастағы Александр Мокин SD Family-дің қауіпті соққыларын қаншалықты қайтара алатынына куә боламыз. Алайда қонақтардың қорғанысында ақау бар. «Каспий» бұл қателікті кешіре ме? Әлде астаналықтар сенсация жасай ма екен?

 

«Тараз» - «Екібастұз»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы), Ташметов Сардар, Сәрсен Нұрлан (екеуі де Шымкент)

Қосалқы төреші: Нұрдинов Рамазан (Тараз)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Командалар соңғы турда фаворит саналғанымен, 3 ұпай ала алмады. Сондықтан олар үшін кездесудің маңыздылығы жоғары. «Тараз» өз үйінде ұтылмауға тырысса, «Екібастұз» үшін әрбір ұпай OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығу үшін ауадай қажет. Тараздың жас футболшылары қорғанысы сауатты клубтан өте ала ма?

 

23 мамыр

 

«Қыран» - «Оқжетпес»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Ескенов Нұрсұлтан (Астана), Оразбеков Айдос (Алматы)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

Ең ірі жеңілісіне ұшыраған шымкенттіктер алдағы екі матчты өз алаңдарында өткізеді. 11 футболшыны әрең жинаған «Қыран» ащы жеңілістен қалпына келе ала ма екен? «Оқжетпес» те бірінші турда «Таразды» жеңгені болмаса, түзде сәтсіз өнер көрсетіп жатыр. Кімнің бағы жанар екен?

 

«Алтай» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Восток» (Өскемен)

Төрешілер: Вишняков Дмитрий (Семей), Стасенко Виктор, Дышкант Дмитрий (екеуі де Талдықорған)

Қосалқы төреші: Молтусинов Антон (Өскемен)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

Бірінші ұпайын алған өскемендіктердің алдағы қарсыласы қатты мықты емес. Өткен кездесулерде алғашқы таймда-ақ өрескел қателікке жол беріп, есе жіберіп қойды. Бәлкім, «Алтайдың» алғашқы жеңісі мен Сергей Хижниченконың голын көріп қалармыз.

 

«Ұлытау» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Проскуряков Илья (Өскемен), Хамзин Дархан (Астана)

Қосалқы төреші: Русяев Алексей (Қарағанды)

Инспектор: Попов Андрей (Павлодар)

Ақырындап жағдайын түзеген «Ұлытауға» басты қарсыластың бірін қабылдайды. Осы уақытқа дейін ең көп 139 мәрте қарсылас қақпасына соққы бағыттаған алматылықтар Жезқазғаннан 3 ұпай еншілей ала ма екен? Әлде үздік ойыншы атанған қақпашы Станислав Павлов командасын қиын жағдайдан құтқара ма? Дәл қазіргі сәтте Бауыржан Тұрысбек, Жасұлан Молдақараев қандай қарсылас болмасын, кілтін тауып жүр.

 

24 мамыр

 

«Жетісай» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Мынбаев Алишер (Қаратау), Мейірбаев Асылан (Өскемен) 

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

Бұл кездесу «Жетісу» бас бапкері Ерлан Шойтымов үшін ерекше. Өйткені ол Қызылорданың футбол құрылымында істеп, бірқатар ойыншыларды жақсы таниды. Бұл да алдағы кездесуде 3 ұпай алуға көмегін тигізуі тиіс. Сонымен қатар жанкүйерлердің қолдауы, ойыншылардың мотивациясы, алға деген ұмтылыс т.б факторлар «Жетісайға» 3 ұпай алуға көмегін беруі тиіс.

 

«Түркістан» - «Арыс»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Сейдахметов Жақсылық (Талдықорған), Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.), Алмасқызы Мәдина (Шымкент) 

Қосалқы төреші: Мұсалы Сейтмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Мұрзабеков Мейрамбек (Қызылорда)

Командалардың ұпайлары бірдей. Маусымды сәтті бастағанымен, соңғы кездері «Түркістанның» жолы болмай жүр. «Арыста» жағдай керісінше. Гол соға алмай жүрген ұжым сәтсіз кезеңді артқа тастағандай. Нақты кімнің фаворит екендігін айту қиын. «Арыс» жеңіп кетсе де таңғалудың жөні жоқ.