KZ
KZ RU
06 қыркүйек 2024 08:48

Алға, Қазақстан! – QFL Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасындағы ойындарына сәттілік тілейді

06 қыркүйек 2024 08:48
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз тарихында төртінші мәрте УЕФА Ұлттар Лигасында өнер көрсетеді. Отандық футболшылардың топтық кезеңдегі қарсыластары Норвегия, Словения, Аустрия атанбақ. Матчтар 2024 жылдың 6 қыркүйек пен 17 қараша күндері аралығында өтеді. 

Станислав Черчесовтың шәкірттері В лигасында дебют жасап, А лигасына көтерілуге әрекет жасайды. Сондай-ақ, топта екінші мен үшінші орын алған ұжымдар жоғары және төменгі лиганың жолдамасы үшін плей-оффында доп тебеді. Жерлестеріміз алғашқы ойынын бүгін кешкі 19:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда Норвегияға қарсы өткізсе, 9 қыркүйек күні Любляна қаласында Словениямен күш сынасады.

Qazaqstan Football League ұлттық құрамаға үлкен жеңістер тілейді!