KZ
KZ RU
09 желтоқсан 2024 14:00
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Чесноков, Пауло, Сигневич Евстафий Пехлеваниди атындағы номинацияны иеленді

09 желтоқсан 2024 14:00
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік шабуылшыларды ұсынады. Турнир қорытындысы бойынша, 10 голдан соққан Ислам Чесноков, Жоао Пауло, Николай Сигневич аталмыш номинацияны иеленді. Олар Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди атындағы сыйлықты өзара бөліп алды.

Турнирдің тарихында алғаш ре сұрмергендер бәсекесінде үш бірдей футболшы тең түсті. Сондай-ақ, араға 15 жыл салып, үздіктердің қатарына отандық ойыншы енді. «Тобол» клубының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков осы маусымда 21 мәрте алаңға шығып, командасы турнир кестесінде 5-орынға тұрақтады.

«Атырау» сапында дебют жасаған Николай Сигневич те керемет нәтиже көрсетті. 32 жастағы шабуылшы «мұнайшылардың» барлық ойынына қатысып, OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында күміс жүлдені иеленді. Ал «Қайрат» ұжымының 36 жастағы шабуылшысы Жоао Пауло өз мансабында үшінші мәрте OLIMPBET QFL Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды.

QFL номинация иегерлерін құттықтап, сәттілік тілейді!