KZ
KZ RU
15 ақпан 2012 13:53

«Атырау» Черногорияның «Широки Бриег» клубымен кездесті

15 ақпан 2012 13:53

"Атырау" алаңға мына құраммен шықты: Плотников, Чуреев, Тркуля, Джонотас, Левин, Фомин, Хохлов, Божиновски, Данилюк, Сейітқалиев, Буач.
Екінші таймда мына футболшылар ойнады: Плотников, Азовский, Куцов, Сараев, Овшинов, Шалекенов, Семенов, Зунунов, Бикеев, Алейников, Детитопский

Бапкерлер сынағында жүрген ойыншылар: Қорғаушы Евгений Левин (Ордабасы) 12.07.1992 ж.т. Бойы — 174 см, салмағы — 71келі. Қазақстан жастар құрамасының өкілі, биылғы "Достастық кубогінде" ойнаған. Боби Божиновски — 24.02.1981 ж.т. Македония футболының түлегі. Өткен жылын "Астана" сапында өткізді. (16 матч немесе 545 минут).

Божиновски «Астанаға» 2010 жылдың ортасында келген. Осы аралықта елордалық клубтың сапында 30 ойын өткізген. Өткен жылдың басында клубтан кетуді жоспарлағанымен тағы бір жылға "Астанада" қалған. Елордалықтардың сапында 2010 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алған болса, былтыр суперкубок иегері атанды. Тағы бір македониялық футболшы Филип Деспотскимен осы матчтан кейін келісімшартқа отырмау жөнінде шешім қабылданды.


«Атырау» ФК баспасөз қызметі