KZ
KZ RU
18 сәуір 2024 16:54
ЕКІНШІ ЛИГА

Екінші лиганың 2-ші туры: алғашқы сенсация

18 сәуір 2024 16:54

16-17 сәуір күндері QFL Екінші лигасының 2-ші туры аясында басты фавориттің бірі саналған «Ертіс» клубы сырт алаңда ұпай жоғалтты.

 

Қандай көрсеткіштер тіркелді?

- 43 сары қағаз көрсетіліп, 6 футболшы алаңнан қуылды.

- 11 ойында 36 гол соғылды.

- 2 тур қорытындысы бойынша,«Шахтер Ж» клубының 22 жастағы шабуылшысы Шыңғыс Флюк 5 голмен көш бастап тұр.

- Әзірше «Шахтер Ж» командасы 2 жеңіске қол жеткізді.

- Ең көп гол соққан - «Шахтер Ж» (10 гол), ең көп қақпасына жіберген - «Тұран Ж» (9 гол).

- Әзірше 3 ғана клуб гол соқпады («Оқжетпес Ж»,«Талас», «Атырау Ж»).

- Өз қақпасына гол жібермеген 3 ғана клуб қалды («Тараз Ж», «Мақтарал», «Қызылжар Ж»).

 

Оңтүстік-Батыс конференциясы

 

«Тараз Ж» - «Талас» - 2:0

Голдар: Абзал Баймолда, 40 минут (1:0), Дамир Сыдық, 90+5 минут (2:0)

Аталмыш ойын өте тартысты өтті. Қос команда 19 соққы бағыттады. Бірақ Тараз қаласының жастарының шеберліктері басым екендігі көрінді. Жүйеге қойылған ойынның арқасында «Тараз Ж» 2 гол соғып, жеңіске жетті. Дебютанттар да есепті теңестіруге жақын болғанымен, тепкен добы қақпаның жақтаушысына тиіп, гол кірмей қалды.

 

«Іле-Алатау» - «Ордабасы Ж» - 1:1

Голдар: Нұрлыбек Арғынбай, 78 минут (0:1), Әмір Темірғали, 90+4 минут (2:0)

Бұған дейін 2 ұжым 2023 жылы кездесіп, 2 матчта да «Іле-Алатау» сенімді түрде ұтқан болатын. Осы жолы қонақтар алдыңғы шепте ойнауға тырысқанымен, алаң иелерінің айып соққылары айтарлықтай қауіп төндірді. Есепті қонақтар ашқанымен, тайлы-тұяғымен шабуылға шыққан «Іле-Алатау» клубы сапынан 17 жасқа дейінгі ұлттық құраманың ойыншысы Әмір Темірғали қосымша минутта есепті теңестіріп кетті.

 

«Мақтаарал» - «Атырау Ж» - 1:0

Гол: Рамазан Әли-Оғлы, 60 минут (1:0)

Өте тартысты өткен мачта алаң иелерінен Әділжан Мұсаев бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Екінші таймның 60-шы минутында 20 жастағы Рамазан Әли-Оғлы айып добын өте керемет орындап, тамаша голдың авторы атанды. Бәлкім, бұл осы турдағы «ең үздік голы» десе де болады. Қалған уақытта қонақтар алда ойнауға ұмтылғанымен, «Мақтаарал» қақпашысы басымдықты сақтап қалды. Есеп: 1:0

 

«Жас Қыран» - АКАS - 1:2

Голдар: Абылай Жайсанбек, 22 минут (1:0), Сергей Гридин, 35 минутта пенальти (1:1), Керімхан Сейтімбет, 90+2 минут (1:2)

Алаңнан қуылған: Дархан Меделхан (AKAS), 90+2 минут

Осы турдағы орталық матчтың бірі Алматылық клубтар арасында өтті. 22 минутта айып соққысынан орындалған сәтте AKAS ойыншысы қателесіп, салдарынан Абылай Жайсанбек есеп ашып кетті. Артынша ұлттық құраманың ардагер ойыншысы Сергей Гридин пенальтимен тараз басын теңестірді. Екінші таймда қақпашымен бірге-бір шыққан «Жас Қыран» футболшысы Санжар Кабиров оңтайлы мүмкіндікті мүлт жіберді. Қалған уақытта ойын тең аяқталуға жақын еді. Алайда қосымша минутта қорғаушының аяғынан қайтқан допқа Керімхан Сейтімбет жетіп, 2:1 есебімен қонақтар жеңіп кетті.

 

«Оңтүстік» - «Тұран Ж» - 7:1

Голдар: Мағжан Тоқтыбай, 36 минутта пенальти (1:0), Марғұлан Қонар, 52 минут (2:0), Жавланбек Бабаназаров, 58 минут (3:0), Өркен Нұрали, 61 минут (4:0), Бақдәулет Пернебек, 79 минут (4:1), Жавланбек Бабаназаров, 83 минут (5:1), Дінмұхамед Нышантай, 86 минут (6:1), Әлішер Қажығалиев, 88 минут (7:1)

Алаңнан қуылған: Рахат Нүсіпханов («Тұран Ж»), 25 минут

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында доп тепкен «Оңтүстік» команда бұл ойынның негізгі құрамына 9 бірдей өзгеріс жасады. 25 минутқа дейін матч тыныш өткендей болған. Бірақ қонақтардан Рахат Нүсіпханов тікелей қызыл қағаз алған соң, «Оңтүстік» ойын тізігінін қолға алды. Дегенмен, есеп пенальтимен ғана ашылды. Екінші таймда алаң қожайындары 78% допқа иелік етіп, ысқырық естілгенше, шабуылдарын тоқтатпады. Есеп: 7:1

 

KazАSТ - «Қайсар-Шиелі» - 1:2

Голдар: Абзал Сатыбалды, 10 минут (1:0), Саят Жахмуров, 28 минут (1:1), Мақсат Жетпісбай, 66 минут (1:2)

Алаңнан қуылғандар: Алан Сатканов, 90+4 минут (KazАSТ), Жандос Қыдырбек, 90+6 минут («Қайсар-Шиелі»)

Алматы қаласында өткен ойында жанкүйерлер жалынды түрде қолдау көрсетті. Нәтижесінде Қазақ спорт және туризм академиясының футболшылары жылдам гол соқты. Қонақтар бұрыштама, әуелей доптарды бергенімен, барлық жерде алаң иелері сауатты ойнап жатқан. Бірақ 28 минутта KazAST қақпашысы қолындағы добынан айырылып, Саят Жахмуров бос қақпаға оңай гол салып кетті. Екінші таймда Қызылорда облысының жастары белсенділігін арттырып, есепте алға шықты. Алаң иелері қанша тырысқанымен, шабуылдары өңбей, тараз басын теңестіре алмады.

 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясы

 

«Алтай Ж» - «Оқжетпес Ж» - 2:0

Голдар: Бекжан Зыкырьянов, 8 минут (1:0), Роман Брагин, 33 минут (2:0)

Жаңадан құрылған клуб болса да, Шығыс Қазақстан облысының клубы чемпионатты жақсы бастады. Кезекті матчта олар өткен маусымда соңғы орындарда тұрақтаған «Оқжетпес Ж» командасына жауапсыз 2 гол соқты. Өкінішке қарай, әзірше «Оқжетпес Ж» 2 ойында да бірде-бір дәл соққы бағыттай алмады.

 

«Шахтер Ж» - «Жеңіс Жас» 6:1

Голдар: Шыңғыс Флюк, 37 минут, Шыңғыс Флюк, 40 минут (2:0), Алтынхан, 42 минутта пенальти (3:0), Шыңғыс Флюк, 62 минут (4:0), Максим Комиков, 82 минут (5:0), Максим Комиков, 83 минут (6:0), Глеб Абдрахманов, 89 минут (6:1)

Солтүстік-Шығыс конференциясындағы бір жолдама «Шахтер Ж» мен «Ертіс» командалары арасында өрбитін секілді. Осы жолы да Қарағанды облысының командасы ірі жеңіске жетті. Әсіресе, 2 ойында 5 гол соққан Шыңғыс Флюкті ерекше айтып өткен жөн. Бұл футболшы бұған дейін 1ХВЕТ QFL Бірінші лига аясында 20 голдан артық гол соққан еді. Осы жолы 22 жастағы шабуылшы QFL Екінші лигада ең үздік сұрмерген атағына талас жүргізбек.

 

SD Family Ж – Ertis - 1:0

Гол: Нұржан Ерланұлы, 72 минут (1:0)

Алаңнан қуылған: Наурызбай Жалғас, 77 минут (SD Family Ж)

Астана шетіндегі матчтың алғашқы таймында 1 ғана тура соққы бағытталды. Екі команда да шабуыл шебінде ойнауға тырысқанымен, дәлдік жетіспеді. Екінші таймда Нұржан Ерланұлы матчтағы жалғыз голымен SD Family Ж-ға сенсациялық жеңіс сыйлады. Алаң иелерінен 77 минутта Наурызбай Жалғас қызыл қағаз алғанымен, Ertis мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

 

«Тобыл Ж» - «Жетісу Ж» - 3:1

Голдар: Владислав Щурко, 54 минут (1:0), Бақберген Құдайберген, 57 минут (1:1), Нұрбол Жұмаделов, 60 минут (2:1), Әлібек Жайлаубаев, 90+3 минут (3:1)

Қостанайда ойында алаң иелері жеңіс үшін барын салды. 24 мәрте соққы жасады, 3 гол соқты. Дегенмен, қонақтар да қарап қалмады. Аз шабуыл жасаса да, өте қауіпті болды. Бірақ қосымша минуттағы Әлібек Жайлаубаевтың голы ойын тағдырын шешіп берді.

 

«Ақсу» - «Елімай Ж» 2:1

Голдар: Родион Моисеев, 12 минут (1:0), Ержан Уайс, 62 минут (2:0), Қуаныш Шаймарданов, 69 минут (2:1)

Алаңнан қуылған: Батырхан Шарипов («Елімай Ж»)

Алғашқы турдағы ащы жеңілістен кейін,«Ақсу» әр мүмкіндігін тиімді пайдалануға тырысты. 2:0 есебінен соң, барынша қорғанысқа мән беріп, жеңісті есепті ұстап қалуға тырысқанымен, 69 минутта қақпашының қателігі есепті қысқартуға әкеліп соқты. Әйтсе де, «Ақсу» қақпашымен бірге-бір шыққан сәті т.б мүмкіндіктерін айтпауға болмас.

 

Айта кетейік, осы турдағы «Қызылжар Ж» мен «Астана Ж» арасындағы кездесу Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілген еді.

 

QFL Екінші лиганың 3-тур ойындары 23-24 сәуір күндері өтеді. Ойындарды Q Football, Q Arena, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз. Сондай-ақ, жанкүйерлер үшін сайтымызда және QFL әлеуметтік желілерінде сараптамалық мақалалар, статистикалық ақпараттар мен әр ойынның бейнешолуы қолжетімді.