Премьер-Лига клубтарының маркетологтары Локомотив ФК қонақта болып қайтты
"Ертіс", "Қайсар" және "Ордабасы" клубтарының қызметкерлері Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Локомотив" футбол клубымен бірге ұйымдастырған тағылымдамадан өтті.
Ресейлік әріптестер біздің мамандарға арнап арнайы бағдарлама дайындаған. Оқыту барысында Департамент басшылары мен мәскеулік клубтың негізгі қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылған. Олардың ішінде Креативті директор Александр Корягин, продюсерлік бөлім басшысы Татьяна Козлова, маркетинг Департаментінің директоры Дарья Спивак және демеушілер бойынша Директор Алексей Смертин.
Қазақстандық мамандар алған ақпаратты, жаңа ойлар мен заманға сай тәсілдерді өз клубтарында биімдеп, маркетингілік стратегияны жүзеге асыру барысында пайдалануға дайын.
"Ертіс" футбол клубының маркетологы Сейтбек Сембаев:
- Біріншіден, мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына Ресейдің ең үздік футбол клубтарының бірінде болып, өз ісінің шеберлерімен кездесіп, тәжірибе алмасуға берген мүмкіндік үшін рақмет айтамын. Біздер "Локомотив" футбол клубы ойын күні жанкүйерлермен қарым-қатынаты қалай құратынын жақыннан көрдік - яғни стадионда қандай акциялар мен іс-шаралар өткізетінін, жанкүйерлерді ойын алдында, үзілісте және ойыннан кейін қалай көңілдетінін көрдік. Ресейлік әріптестер жанкүйермен тіл табыса білу, оларға ұнау, сонымен қатар футболмен қызықпайтын аудиторияны өзіне қарату құпияларымен бөлісті. Бірнеше құралдар мен арнайы білімді қолдана отырып, "Локомотив" футбол клубын мысал ретінде ала отырып, біздер стадионға жаңа адамдарды қалай жинауды түсіндік. ҚКФЛ-ға қол жеткізген тәжірибе үшін тағыда алғыс айтамыз! Алған білімді біздер міндетті түрде өзіміздің клубта іске асырамыз.
Өтіп жатқан маусымда ҚКФЛ Лиганың мішелері, футбол клубтардың мамандарына білім беру программаларын енгізуге көп көңіл бөлуде. Бұдан бұрын маркетологтар мен агрономдар үшін арнайы семинар ұйымдастырылған. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Ресейлік футбол Премьер-лигасымен жемісті қарым-қатынасы арқасында футболдың әр түрлі саладағы мамандарды Ресейдің үздік футбол клубтарына тағылымдамаға жіберуге тамаша мүмкіндік туындап отыр.
Заманауи футболдағы жақсы нәтижелер тек қана алаңдардағы іс-әрекеттерге байланысты болмайды, жасыл алаңның сыртында жүріп жатқан жұмысқа да тікелей байланысты, сол себептен ҚКФЛ еліміздің футбол клубтарындағы әкімшілік аппараттың кәсіби өсуін әрі қарай қолдауды мақсат етіп отыр.