KZ
KZ RU
23 мамыр 2024 15:21

QFL президенті «Ордабасы» клубының жаңа басшысымен кездесті

23 мамыр 2024 15:21
Астанада Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров «Ордабасы» ФК президенті Асхат Сейсембекпен кездесті. «Ордабасы» клубының жаңа басшысы QFL-дің офисіне келіп, шымкенттік клубтың алдағы даму жоспары бойынша ойымен бөлісті. Қос тарап әр түрлі бағыт бойынша және отандық футболды дамыту жоспарын жүзеге асыруда тығыз байланыста болуға келісті. 

Ғани Қайназаров Лига мен  клубтар арасында тиімді байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталып, инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру мен клубтардың Лига регламентін қатаң сақтау керектігін атап өтті. QFL президенті Асхат Сейсембектің жұмысына табыс және «Ордабасының» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетуін тіледі. Айта кетейік, жақында ғана Асхат Сейсембек «Ордабасы» клубының жаңа президенті ретінде таныстырылған болатын.