KZ
KZ RU
03 қараша 2012 04:06

Сұрмергенге «Советский спорттың» сыйлығы

03 қараша 2012 04:06

«Советский Спорт-Футбол» апталығы Ресейдегі әйгілі газеттердің жолын жалғастырушы болып табылады. 1924 жылдың 20 шілдесінен бастап тарала бастаған. Футбол жанкүйерлері білуі тиіс, бұл басылым кезінде миллиондаған данамен таралып, көпшіліктің сүйікті газеттерінің бірегейіне айналған.

Жалпы, «Советский Спорт-Футбол» 300 мың данамен таралады. Біздің елде бұл басылым үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап басылуда. Осы қысқа мерзімде Қазақстандағы тиражы екі есеге өсті. Түрлі-түсті беттермен әрленген бұл газетте әйгілі ойыншылардың сұхбаттары, сенсациялық жаңалықтар және қызықты оқиғалар жарияланады. 


Дмитрий ГЛУШКОВ, «Советский Спорт-Футбол-Қазақстан» газетінің бас редакторы:
- Қазақстан футболының дамуына өз септігімізді тигізгіміз келеді. Сондықтан, Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергеніне жүлде тағайындау идеясын қолға алған едік. Бүгінде біздің басылымда Қазақстан футболына төрт бет арналады. 2013 жылы ел футболына одан да көбірек көңіл бөлсек дейміз.
 

Сәрсенбі күні апталықтың Қазақстандағы төртінші нөмірі жарыққа шықты. «Советский Спорт-Футбол-Казахстан» газетін еліміхздің кез-келген газет дүңгіршектерінен қолжетімді бағаға сатып алуға болады.

Суретте: «Советский Спорт - Футбол - Казахстан» газетінің Павлодардағы бюросының басшысы Ирина Доценко "Ертіс" футбол клубының шабуылшысы, еліміздің үздік 2012 жылғы сұрмергені Ұлықбек Бақаевқа басылымның арнайы жүлдесін табыс етті.

Фото: Владимира БУГАЕВА, Павлодар