KZ
KZ RU
12 маусым 2024 18:11
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Қыран» клубы QFL турнирлеріне қатысуға мүмкіндік беретін лицензиядан айырылды

12 маусым 2024 18:11
«Қыран» ФК (Шымкент қ.) Qazaqstan Football League-ның 2024 жылдағы маусымындағы жарыстарына қатысу құқығынан айырылды. Бұндай шешім бүгін Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі комиссия отырысында қабылданды. Жарыстан шеттетуге ҚР футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі ережелерді орындамағаны себеп болды. 

Айта кетейік, QFL бірнеше мәрте «Қыран» клубының басшылығына командадағы қолайсыз жағдайға байланысты түсіндірмені сұрап, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының Регламентін сақтауды ескерткен болатын. Лига үшін жарыстағы спорттық қағидаларды ұстану және футбол клубтарының бәсекелестігін сақтау әрдайым маңызды. Сондықтан «Қыран» клубының лицензиясынан айыру мәжбүрлі шара болды. 

«Қыран» осы маусымда OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының алдын ала кезеңі мен 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 10 турында бақ сынады. Сондай-ақ, командаға екі мәрте 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында техникалық жеңіліс берілді. Клуб 2024 жылдың 11 сәуірінде 2-ші тур аясындағы «Екібастұз» ФК, 2 мамыр күні 5-ші тур аясында SD Family ФК, 6 мамыр күні 10-шы тур аясында «Алтайға» қарсы сырт алаңдағы ойындарға бармады. Ал 2024 жылдың 17 мамырында «Қайрат-Жастар» командасымен өткен матчта 11 ғана футболшы ғана тіркеліп, қосалқы ойыншылар болмады. Командада қаржылық қиындықтар бар, сондай-ақ футболшыларды тіркеуге тыйым салынған. 

Айта кетейік, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының Регламентіне сәйкес, «Қыран» ФК қатысуымен өткен бұған дейінгі матчтар есептелмейді және күнтізбедегі алдағы кездесулер өтпейді. Бұндай жайт тіркелгенімен, жарыс Регламенті өзгеріссіз қалып, 16 клуб қатысушысы бар формат сақталады. Осыған дейін айтылғандай, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы 30 турдан тұрады және 2024 жылдың 25 қазанында маусым өз мәресіне жетеді.