KZ
KZ RU
13 маусым 2024 11:03
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

11-ші тур: көшбасшылар өзара кездеседі

13 маусым 2024 11:03

13-14 маусым күндері өтетін 1XBET QFL Бірінші лиганың кезекті турында топ басындағы бірнеше командалар жолығады.

 

13 маусым

 

«Ақтөбе Ж» - «Ұлытау»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Костанай), Авакянц Данила, Шыңғысов Ерболат (екеуі де Орал)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөабе)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

1XBET QFL Бірінші лигада ең көп 30 гол жіберген «Ақтөбе Ж» командасы кезекті ойынын өз алаңында «Ұлытауға» қарсы өткізеді. Мамыр айынан бастап, 5 жеңіске жеткен жезқазғандықтар турнир кестесінің 5-орынына көтеріліп кетті. Әрі Бауыржан Тұрысбек те бес матч бойы қатарынан қарсылас қақпасынан саңылау тауып келеді. Бұл серия тағы да жалғасуы мүмкін.

 

«Жетісай» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Жантуғанов Еркен (Қызылорда), Нұрлан Әділет (Қаратау), Жалғас Кенжебек (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Аликулов Ержан (Түркістан обл.)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

Осы турдағы ең тартысты матчтың бірі. Себебі,командалар турнир кестесінің 2 және 3-орындарында тұр. Ұлттық құрама ойындарынан кейін командалардың біршама футболшылары шаршап келуі мүмкін. Сондықтан алаң қожайындары бұл кездесуде фаворит саналады. Өз алаңында ешкімге есе жібермейтін «Жетісай» бұл жолы маңызды 3 ұпайын алуға барын салады. Қос ұжым үшін де оңайға соқпайды.

 

SD Family - «Түркістан»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Ткачев Кирилл (Алматы), Ходотчук Андрей (Павлодар), Бектұров Әлібек (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Гариев Эмиль (Астана)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Астаналық команда 3 тур бойы жеңіске жете алмай келеді. Енді кеткен есесін қалайда өз алаңында қайтаруға тырысады. Бұған себеп те бар. Өйткені «Түркістан» сырт алаңдағы кейінгі 3 матчта өз қақпасына 14 гол өткізіп алды. SD Family енді ұпай жоғалтса, көшбасшыларды одан әрі ұзатып алуы мүмкін.

 

«Хан-Тәңірі» - «Екібастұз»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Молтусинов Антон (Өскемен), Дышкант Дмитрий (Талдықорған), Вахитов Ернар (Қостанай)

Қосалқы төреші: Үсенов Досбол (Алматы)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

Алматылық клуб сырт алаңдағы маңызды кездесуде «Каспийді» жеңген соң, өздеріне деген сенімділіктерін күшейтті. Мүмкіндіктерін қолдана алмай жүрген команда 2 ойында 11 рет қарсыласын қақпасын дәл көздеді. Нәтижесінде «Хан-Тәңірі» 4-орында тұр. Бірақ турнир кестесіндегі қарбаласты ескерсек, бір жеңіліс қайтадан команданы құлдилатып жібереді. Ал «Екібастұз» оңайлықпен беріспегенімен, тұрақты өнер көрсете алмай келе жатыр.

 

14 маусым

 

«Ақжайық» - «Алтай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Ақжайық» стадионы (Орал қ.) 

Төрешілер: Суликанов Саят, Бисекенов Әлім (екеуі де Ақтөбе), Тұрғынбеков Райымбек (Петропавл)

Қосалқы төреші: Құстаев Диас (Орал)

Инспектор: Абданбаев Асхат (Тараз)

Командалар осы маусымда OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының топтық кезеңінде кездесіп, 1:0 есебімен өскемендіктер басым түскен еді. Кездесу Орал қаласында өткенімен, «Алтайдың» жай-күйі жақсырақ. Олар кейінгі 3 ойында маусымдағы барлық ұпайларын еншіледі. Әрі клуб өткен аптада демалды. Өкінішке қарай, «Ақжайық» футболшылары сәтсіз өнер көрсетуде. Осы аптада «Каспийден» тең нәтижені жырып алғанымен, әлі өз үйлерінде жеңіске жете алмай келеді. Көп шабуылдайды. Бірақ нәтиже жоқ.

 

«Оқжетпес» - «Каспий»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Қадыров Жалғас (Өскемен), Макатов Талғат (Петропавл)

Қосалқы төреші: Ерден Әлихан (Көкшетау)

Инспектор: Кистер Игорь (Ақтөбе)

Қос клуб та былтыр Премьер-лигада бақ сынаған. 2023 жылы Көкшетауда өткен матч 3:3 есебімен аяқталған. Осы жолы да командалар жарқын өнер көрсетеді деп сенеміз. «Оқжетпестің» өз алаңында есе жібермейтінін ескерсек, көш басындағы ақтаулықтарға оңай соқпайтыны түсінікті. Жалпы алаң иелері бұған дейін тек 2018 жылы ғана «Каспийден» басым түскен. Турнир кестесінде айқын фаворит болған «Каспий» өткен турдағы жеңіліс және шегерілген матчтағы тең нәтиженің кесірінен 2-ші орындағы «Жетісайдан» 1 ғана ұпай озып тұр.

 

«Қайсар Жас» - «Тараз»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Равдель Вячеслав (Орал), Субботин Максим (Талдықорған) 

Қосалқы төреші: Әбдікеров Марал (Қызылорда)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

Қызылордалықтардың жағдайы жақсы болмағанымен, өз алаңында әлі есе жібермеген санаулы команданың бірі. Олар 2 рет жеңіске жетіп, 3 матчта тең түскен. Азулы «Екібастұз», «Оқжетпестің» өздері жеңе алмады. Енді «Тараз» айқын фаворит болғанымен, кездесу оңайға соқпасы анық. Алайда жамбылдықтар сырт алаңда тәуір ойнайтындығын да ескеру қажет.