KZ
KZ RU
28 маусым 2024 15:14
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

13-ші тур: «Астана» мен «Қайрат» Алматыда кездеседі

28 маусым 2024 15:14

29 маусым - 1 шілде күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының бірінші айналымы мәресіне жетеді.

 

29 маусым

 

«Қызылжар» - «Шахтер»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Q Football мен Q League телеарналары

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Сұлтанғалиев Руслан (Атырау), Шабанов Алексей (Алматы), Гриценко Иван (Қостанай)

VAR төреші: Ноженко Сергей (Талдықорған)

AVAR төреші: Навроцкий Иван (Астана)

Қосалқы төреші: Виноградов Денис (Петропавл)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

Андрей Финонченко баптайтын «Шахтер» клубы осы маусымда сырт алаңда ұпай алмаған жалғыз клуб. Өткен турда олар «Ақтөбемен» қорғаныста сауатты ойнағанымен, бәрібір де ұпай ала алмады. «Қайратқа» да 2 гол соқты. Ол да жеткіліксіз болды. Енді гол соғудан мәселе туындап жүрген «Қызылжарға» қонаққа барады. Алаң иелері бұл матчта ұпай жоғалтса, көш соңындағы «Шахтердың» қуып жетуіне мүмкіндік береді. Ал қарағандылықтар жеңіске жетсе, тым болмағанда соңғы орыннан көтеріліп, бірінші айналымды сәл жақсырақ аяқтайды.

 

«Ордабасы» - «Қайсар»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Тасыбаев Айдын (Астана), Белоградов Дмитрий, Карлов Евгений (екеуі де Павлодар)

VAR төреші: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)

AVAR төреші: Мағау Наргис (Алматы)

Қосалқы төреші: Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.)

Инспектор: Борисов Александр (Семей)

Турнир кестесінде командалар түрлі орындарда келе жатса да, «Ордабасы» мен «Қайсар» OLIMPBET QFL Премьер-лигада 8 матч бойы жеңіліссіз өткеруде. Турнирдің алғашқы 4 турында ұпай ала алмаған «Қайсар» бірден фавориттерді тізе бүктіріп келеді. Сырт алаңда «Тобыл», «Жетісуді» жеңіп кетті, «Астанадан» да ұпай алды. Енді «Ордабасыдан» да кері шегінбесі анық. Ал өз ойынын ақырындап өсіріп жатқан шымкенттіктер жеңіске жетсе, бірінші айналымды бірінші орынмен бітіреді.

 

«Астана» - «Қайрат»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Лабашов Денис, Калачев Сергей (екеуі де Атырау)

VAR төреші: Тевяшов Денис (Орал)

AVAR төреші: Лесив Станислав (Семей)

Қосалқы төреші: Павлов Александр (Алматы)

Инспектор: Бублинский Николай (Қарағанды)

Қос команданың тартысы үнемі көрермендердің қызығушылығын тудырады. «Астана» маусымды өте сәтсіз өткізіп жатса да, дәл осы кездесуде жеңіске жетсе, 3-орындағы «Қайратпен» ұпайы теңеседі. Сондықтан өз алаңындағы матчтағы 3 ұпай әлі де жоғары орындардан көрінуге мүмкіндік береді. Александр Кержаков баптайтын «Қайрат» жанкүйерлердің сеніміне кіру үшін, дәл осындай ойындарда сенімді түрде жеңіске жетуі тиіс. Оның үстіне алматылықтар турнир кестесінде де жақсы келе жатыр.

 

30 маусым

 

«Елімай» - «Жетісу»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Жүнісов Нұржан (Астана), Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

VAR төреші: Омаров Рустам (Алматы)

AVAR төреші: Панин Максим (Қостанай)

Қосалқы төреші: Якбаров Ринат (Семей)

Инспектор: Тусеев Бағдат (Астана)

Төрт матч бойы қарсыласымен тең түскен «Елімайға» көшбасшыларды ұзатып алмау үшін, қалай да 3 ұпай алуы керек. Әзірше осы маусымда ең білікті отандық бапкер атағын иеленіп тұрған Андрей Карпович пен Қайрат Нұрдәулетовтің теке-тіресі көпшілікке де қызық болуы тиіс. Өкінішке қарай, талдықорғандықтар кейінгі 3 кездесуде ұпай жоғалтуда. Оның үстіне сырт алаңда сәтті ойнайды деп айта алмайсың. Ал жоғары орындардан үмітті «Елімай» қазірден бастап, жеңісті жолға түсуі тиіс.

 

«Ақтөбе» - «Тобыл»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Затула Александр (Өскемен), Конивец Артем (Қарағанды), Орынбаев Илашбек (Түркістан обл.)

VAR төреші: Қарабаев Саят (Астана)

AVAR төреші: Бейжанов Рустам (Петропавл)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Антонов Виктор (Павлодар)

Жанкүйерлер лық толы Қобыланды батыр стадионы «Ақтөбені» жеңіске жетелегенімен, алаң иелеріне бұл матч оңайға соқпасы анық. Өткен турда ғана осы алаңда бірінші жеңісін тойлаған «Ақтөбе» әр кездесуде 3 ұпай алу оңайға соғып жатыр деп айта алмаймыз. Нұрбол Жұмасқалиев баптайтын «Тобыл» әзірше OLIMPBET QFL Премьер-лигада жеңіліссіз келе жатыр. Құрамы жағынан өте мықты ұжымдар жанкүйерлерге керемет спектакль сыйлайды деп үміттенеміз. Бір қызығы, Рамазан Оразов 2022 жылы «Ақтөбе» сапында «Тобылға» қарсы ойнаса, 2023 жылы «Тобылдың» намысын қорғады. Енді «Ақтөбе» құрамында доп тебеді.

 

1 шілде

 

«Тұран» - «Атырау»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: QFL.KZ cайты және Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: Қажымұқан атындағы орталық стадион (Шымкент)

Төрешілер: Байымбет Сәкен (Тараз), Жолдас Бақытжан, Сәрсенбаев Нұрлан (екеуі де Алматы)

VAR төреші: Горда Данил (Көкшетау)

AVAR төреші: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Халилов Мұрадбек (Шымкент)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Осы турдың соңғы ойыны Шымкентте аяқталады. «Тұранның» мінез көрсетіп келе жатқанына әр турда куә болып келеміз. Өткен ойында 1 футболшысы кем болса да, «Елімайдан» ұпай жырып алды. Сырт алаңда «Қайсармен» тең түсті. «Ақтөбені» сан соқтыра жаздады. Сондықтан бірнеше матч бойы жеңіліссіз әрі гол жібермей келе жатқан «Атырауға» үлкен сынақ болғалы тұр. Клубтар бұған дейін 4 мәрте кездесіп, 1 жеңіспен алмасқан және 2 рет тең түскен.