KZ
KZ RU
13 шілде 2024 11:00
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

14-ші тур: «Елімай» басты қарсыластардың жоқтығын пайдалана ала ма?

13 шілде 2024 11:00

13-14 шілде күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының екінші айналымы басталады.

 

13 шілде

 

«Шахтер» - «Жетісу»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ, QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды қ.)

Төрешілер: Байымбет Сәкен, Филоненко Дмитрий (екеуі де Тараз), Жақсылық Төребек (Қызылорда)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)

AVAR төрешісі: Карлов Евгений (Павлодар)

Қосалқы төреші: Бильдинов Михаил (Қарағанды)

Инспектор: Салий Павел (Оскемен)

Өткен аптада ғана командалар жаңа турнирде кездесіп, қарағандылықтар күтпеген жерден жеңіп кеткен еді. Осы жолы командалар енді OLIMPBET QFL Премьер-лигасында жолықпақ. Бұл матч та «Шахтер» үшін өте маңызды. Турнир кестесінің көш соңында қалған алаң иелері тұйықтан шығу үшін, барынша көп ұпай алуға тиіс. Бірақ «Жетісу» клубы да өткен жеңілістен сабақ шығаруы әбден мүмкін.

 

«Қайсар» - «Елімай»

Уақыты: 20:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ, QFootball.kz сайттары

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда қ.)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Лабашов Денис (Атырау), Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

VAR төрешісі: Тасыбаев Айдын (Астана)

AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)

Қосалқы төреші: Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Шымкент)

Осы турдағы орталық матч. Маусым басында «Елімай» өте жақсы қарқында бастап, жүлдегерлерге үмітті клубтардың қатарында болып еді. Алайда бірінші айналымның соңындағы бірнеше тең ойындар көшбасшылардан араны ұзартып жіберді. Оның үстіне топ басындағы командалардың еурокубокта өнер көрсететіндігін ескерсек, семейліктер барынша қарсыластың жоқтығын оң пайдаланып қалуы керек. Алайда «Қайсар» да өз алаңында ұпай ұстата алмайды. Клубтың көшбасшысы Валерий Громыконың жоқтығы қызылордалықтарға қалай әсер етеді екен?

 

14 шілде

 

«Қайрат» - «Жеңіс»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ, QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Алматы)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Якбаров Ринат, Серікболов Данияр (екеуі де Семей)

VAR төрешісі: Московченко Григорий (Павлодар)

AVAR төрешісі: Бельский Евгений (Тараз)

Қосалқы төреші: Васютин Сергей (Алматы)

Инспектор: Горда Александр (Көкшетау)

Бапкерін ауыстырып, жоғары орыннан үмітті «Қайрат» клубы бірінші айналымды 3-орынмен аяқтады. Егер олар жүлдеге ілігу керек болса, өз алаңында ұпай жоғалтпауы керек. Командалардың бірінші ойынында алматылықтар бір футболшысы кем болса да, сенімді жеңіске жеткен еді. Енді «Жеңіс» сырт алаңда қаншалықты қауқар көрсете алады?

 

Айта кетейік, еурокубок ойындарына байланысты 14-турдағы «Ордабасы» - «Тұран», «Атырау» - «Ақтөбе», «Тобыл» - «Қызылжар» матчтары кейінге шегерілді.