KZ
KZ RU
11 шілде 2024 08:00
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

15-ші тур: «Оқжетпес» алматылықтардың қарқынын тежей ала ма?

11 шілде 2024 08:00

11-12 шілде күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының кезекті турында 5 матч бойы қақпаларына гол жібермей келе жатқан «Оқжетпес» өз алаңында шабуылдары өткір «Қайрат-Жастар» командасын қабылдамақ.

 

11 шілде

 

«Түркістан» - «Ұлытау»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Стасенко Виктор, Бектұров Әлібек (екеуі де Талдықорған)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Оспанов Серғали (Шымкент)

«Түркістан» клубы өз алаңында «Оқжетпеске» қарсы барын салғанымен, сол күйі ұпай бұйырмады. Енді тағы да бір фаворит саналатын «Ұлытауды» қабылдамақ. Жезқазғандықтар турнир кестесінің 6-орынында келе жатқанымен, 1-орындағы «Хан-Тәңірінен» 3 қана ұпай қалып тұр. Сырт алаңдағы көрсеткіштерге назар аударсақ, «Ұлытау» өте сәтті ойнайды. Оның үстіне командаға QFL Екінші лиганың сұрмергені Шыңғыс Флюк те ауысты. Қонақтарға оңай болмаса да, 3 ұпай алуы тиіс.

 

«Оқжетпес» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Құмашев Тимур (Астана), Сайдуллаев Мансұр (Қарағанды), Ходотчук Андрей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Кучма Антон (Көкшетау)

Инспектор: Дюсенов Абай (Түркістан)

5 матч бойы қақпасына гол өткізбеген «Оқжетпесті» нағыз сынақ күтіп тұр. Себебі, алматылықтар кейінгі 3 кездесуде қарсыластарына 12 гол соғып үлгерді. Көкшетаудағы матчта олар «Қайрат-Жастардың» тізгінін ұстай алар ма екен? Дегенмен алматылықтарға сырт алаңда ұпай алу қиынға соғып жүр.

 

SD Family – «Арыс»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Сорокопудова Татьяна (Қарағанды), Тұрғынбеков Райымбек, Герасимова Оксана (екеуі де Петропавл)

Қосалқы төреші: Попов Сергей (Астана)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

Екі маңызды матчта аутсайдер саналса да, 6 ұпай алған SD Family 8-орында келеді. Енді олар турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі «Арыстан» қиналмай өтуі керек. Астаналықтар барын сала ма екен? Өкінішке қарай, қонақтардың 6 матч бойы жолдары болар емес. Сондықтан олар қарсыластың менсенбеушілігін өз жағына ұтымды пайдаланып кетуі де әбден мүмкін.

 

12 шілде

 

«Ақтөбе Ж» - «Ақжайық»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Халилов Мұрадбек (Шымкент), Волков Артем, Быков Антон (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

Өткен апта қос командаға да оңай соққан жоқ. «Ақжайық» чемпионаттан бөлек, 1XBET QFL Лига кубогында өнер көрсетсе, «Ақтөбе Ж» басты фаворит «Каспийді» жеңді. Жаңа турнирде де дәл осы футболшылар Қостанайға барып келді. Өздерінен мықты қарсыласпен ойнап келген ақтөбеліктерге психологиялық жағынан оңай болуы тиіс. Бұл кездесу қос ұжым үшін де өте маңызды. Себебі, жеңілгені ұшу аймағында қалады.

 

«Алтай» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: «Восток» (Өскемен)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан, Арынханов Нұрдаулет (екеуі де Алматы), Субботин Максим (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Затула Александр (Өскемен)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент)

«Қайсар Жас» командасы үшінші апта қатарынан өз кездесуін түзде өткізеді. Бұған дейін Алматыға жорығы сәтсіз аяқталып, 10 гол жіберіп алған еді. Өскемен сапары да оңайға соқпасы анық. Себебі, 6 жеңіліссіз сериясы тоқтаған «Алтай» қалай да ұпай алуға барын салатыны түсінікті. Оның үстіне қызылордалықтар түзде өте сәтсіз ойнайды.

 

«Тараз» - «Жетісай»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Искаков Марат (Астана), Мейірбаев Асылан, Проскуряков Илья (екеуі де Өскемен)

Қосалқы төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Сереков Асқар (Қызылорда)

«Жетісай» клубы соңғы минуттарда гол жіберіп, көш басындағы орынынан айырылып еді. Енді сол қателігін түземек. Бірақ Тараз қаласында алаң иелері де оңайлықпен ұпай ұстата салмайды. Жамбылдықтардың да өз есебі бар. Өйткені бұл ойындағы жеңіс командалардың ұпайын теңестіріп, «Таразды» нағыз бәсекенің қатарына қосады.

 

«Каспий» - «Екібастұз»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ пен QFootball.kz сайттары

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Искаков Санжар (Қостанай), Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.), Хамзин Дархан (Астана)

Қосалқы төреші: Азиева Рамиля (Ақтау)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Ақтөбе жеріндегі сәтсіздік «Каспийді» турнир кестесінің 4-орынына түсіріп жіберді. Бірақ әлі де жағдайды түзеуге кеш емес. Бір аптаның ішіндегі ащы жеңілістен команданы ширатып, жеңісті жолына қайта келуі мүмкін. «Екібастұздықтар» кейінгі 3 матчта 6 ұпай алғанымен, түздегі екібастұздықтар білгенінен жаңылып жүр. Соңғы рет олар 2 ай бұрын Түркістанда жеңіске жеткен болатын.